С. Торайғыров атындағы Павлодар



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата07.02.2022
өлшемі14,15 Mb.
#95540
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Салтанат АУБАКИРОВА, 
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты
Этносаралық жəне конфессияаралық үрдістерді 
зерттеудің АҒПО-ның штаттан тыс қызметкері 
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған 
кезекті Жолдауы елдегі мəселелерге жан-жақты шолу жа-
сап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетуімен ерекшеленеді.
«Қазақстан əлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды», деген Прези-
дентіміздің сөзінің ақиқатын халық мемлекетіміздегі өркенді өзгерістер ар-
қылы көріп, сезіп отыр.
Елбасымыз биылғы Жолдауында əр салаға айрықша тоқталды. 
«Мəңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. 
Ол арман – əлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, əлем картасы-
нан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұр-
мысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын ба-
қытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мəңгілік Елдің 
іргетасын қаладық» – деп Н.Ə. Назарбаев өзінің Жолдауында қада атап 
өтті.
Сонымен қатар, қазақ тілінің бүгінгі күндегі мəртебесі туралы сөз қозға-
ды. Онда қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп 
келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс іс-
тейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, əлі де үйре-
нуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкіл-
дерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді.
Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 
миллиард теңге бөлінді.
«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мəңгілік Еліміз-
бен бірге Мəңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқы-
сы ете білгеніміз жөн» – деді Елбасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет