С. Торайғыров атындағы Павлодар



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата07.02.2022
өлшемі14,15 Mb.
#95540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
КЕНЖЕТАЕВА Гүлзира 
Қабайқызы, ф.ғ.к., Аударма 
теориясы мен практикасы 
кафедрасының доценті, 
ГПФ деканының ОІ 
жөніндегі орынбасары:
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – 
ЕЛДІҢ БАҚЫТТЫ 
БОЛАШАҒЫНЫҢ 
КЕПІЛІ
Үстіміздегі жылдың 17 қаң-
тарында Елбасымыз Нұрсұл-
тан Əбішұлы Назарбаев Қа-
зақстан халқына арналған 
дəстүрлі «Қазақстан жолы-
2050: бір мақсат, бір мүдде, 
бір болашақ» атты Жолдауын 
жариялағаны бəрімізге мəлім. 
Бұл Жолдау еліміздің бола-
шағына бағыт-бағдар беретін 
келешектің даму бағдарла-
масы. Ең бастысы – еліміздің 
рухын көтеретін, ұлы мақ-
саттарға жеткізетін «Мəңгілік 
Ел» ұлттық идеясы жариялан-
ды. «Мəңгілік ел» идеясы – 
елімізді өз мақсатына талай 
дəуір сынынан сүріндірмей 
жеткізетін тұғырлы идея. Осы-
ның барлығы əлемнің дамы-
ған 30 елдің қатарына кіруіміз-
ге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Жолдауда елдің əлеуметтік 
саласына, білім беру мен 
денсаулық сақтау саласына 
айрықша көңіл бөлінгенін кө-
реміз.
«Мəңгілік Ел» болу мұра-
тын мақсат тұтқан маңызды 
құжатта білім мен ғылым са-
ласын дамытып, Отандық ғы-
лымды өркендетудің басты 
бағыттары айтылды.
Стратегиялық құжатқа ин-
новациялық 
индустриялан-
дыру, агроөнеркəсіп кешені, 
инфрақұрылым, шағын жəне 
орта бизнесті, ғылымды да-
мыту т.с.с. халық мүддесіне, 
еліміздің мəңгілік болашағы-
на арналған елеулі мəселе-
лерді енгізген. Жəне де əр 
мəселенің нақты мақсат-мін-
деттерін айқын көрсетті.
Елбасы өз Жолдауында сту-
денттердің шəкіртақысы жəне 
қызметшілердің 
жалақысы 
өсетіндігі жайлы айтты. Яғни, 
білім жəне ғылымға аса зор 
көңіл бөлді. Сонымен қатар, 
Елбасы Жолдауында білім 
саласы қызметкерлерінің ал-
дына үлкен міндеттер қойды. 
«Ұлттық білім берудің барлық 
буынының сапасын жақсар-
туда бізді ауқымды жұмыс 
күтіп тұр. 2020 жылға қарай 
Қазақстандағы 3-6 жас аралы-
ғындағы балаларды мектеп-
ке дейінгі біліммен 100 пайыз 
қамту жоспарлануда. Сон-
дықтан оларға заманауи бағ-
дарламалар мен оқыту əдіс-
темелерін, білікті мамандар 
ұсыну маңызды. Орта білім 
жүйесінде жалпы білім бе-
ретін мектептерді Назарбаев 
зияткерлік 
мектептеріндегі 
оқыту деңгейіне жеткізу керек. 
Мектеп түлектері қазақ, орыс 
жəне ағылшын тілдерін білуге 
тиіс», деп атап көрсетті Мем-
лекет басшысы.
Осыған орай, үлкен жауап-
кершілік жүктеліп отырған мұ-
ғалімдерге жаңашылдықпен 
жұмыс жасауға тура келеді. 
Ең алдымен білім сапасын 
арттыру керек.
Тағы бір жайт – тіл мəсе-
лесі. Елбасы Жолдауында: 
«Қазақ тілі бүгінде ғылым мен 
білімнің, Интернеттің тіліне 
айналды. Қазақ тілінде бүгін-
де білім алатындардың саны 
жыл сайын көбейіп келеді. 
Енді ешкім өзгерте алмайтын 
бір ақиқат бар. Ана тіліміз 
Мəңгілік 
Елімізбен 
бірге 
Мəңгілік тіл болды! Оны дау-
дың тақырыбы емес, ұлттың 
ұйтқысы ете білгеніміз жөн», – 
деді.
Сондықтан 
Елбасымыз 
тілді дау-дамайдың төркініне 
емес, даму мен өркендеудің 
негізіне, ұлттың ұйытқысына 
айналдыру – баршамыздың 
парызымыз екендігін бəріміз-
ге де тағы бір мəрте тиянақты 
ұғындырды деп ойлаймын.
Жолдау əр азаматты жауап-
кершілікке шақырып, жақсы 
бастамаларға бастайды. Ел-
басының ауқымды жоспарла-
рын белгілеп, ол үшін басты-
басты бағыттарды айқындап 
беруі – қазақстандықтардың 
бақытты болашағының кепілі 
деп білемін.
Елбасымыздың Жолдауын 
еліміздің əр азаматы, əсіресе 
жастар, студенттер зерделеп 
ұғыну керек деп ойлаймын. 
Себебі, еліміздің болашағы – 
жастардың қолында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет