3.4.7 Зарарсыздандырусапасын бақылау әдістері Зарарсыздандыру – медициналық құралдарда микроағзалардың барлық түрлерінің, спорларының және токсиндерінің абсолютті болмауы.
Зарарсыздандыруды бақылау үшін 3 негізгі әдісті қолданады:
Физикалық
Химиялық
Бактериологиялық
Физикалық әдіс.Манометрлер, термометрлер, мановакуумметрлер және т.б. құрал-жабдықтарды қолдану температураны, бу қысымы немесе газды, зарарсыздадыру уақытын бақылауға мүмкіндік береді.
Химиялық әдісзарарсыздандырудың тексерілуі үшін күн сайын қолданылады. Ол кейбір заттардың температураның ықпалынан балқу немесе түсін өзгерту қабілетіне құрылған. Индикатор ретінде бензойқышқылын (t° 122,36°), мочевина (132,7°), тиомочевина (187—182°), аскорбин қышқылын (187—192°) және т.б. қолдануға болады.