Битті және оның жұмыртқаларын тарақпен тарау арқылы, шашын қию немесе қыру арқылы жояды. Шашты жинау үшін клеенка немесе қағазды астына төсейді, шашты және жәндіктерді қағазбен бірге жағады. Жұмыртқаларын түсіру үшін шашты тарамас бұрын алдымен жуады, сірке қышқылының жылы ерітіндісімен немесе жылы асхана сірке суымен шаяды. Сірке суға малынған тарақтың тісшелеріне мақта жіпшелерін немесе жіпті өткізеді, содан соң жұмыртқаларды жиі тісті тарақпен тарайды [7].