6.4.2 Жасандытамақтандыру Науқасты табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса міндетті түрде жасанды тамақтандыруды ұйымдастыру қажет. Жасанды тамақтандыру науқастың дене салмағын жоғалтуының, тапшылық жағдайлардың (микроэлементтер, дәрумендер) алдын-алады, ақуыз синтезін төмендетеді және қарқынды емдеу әдісіне жатады.
Жасанды тамақтандыру асқазанға ауыз немесе мұрын арқылы енгізілген зондтың немесе гастростома арқылы (асқазанның операциялық жыланкөзі) немесе илеостома (ащы ішектің опреациялық жыланкөзі) көмегімен жүзеге асырылады. Егер бұл жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса қоректік заттар және сұйықтықтар парентеральды – асқазан ішек жолдарынан тыс (көктамырға тамшылап) енгізіледі [6, 7, 29, 30, 32].