С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет30/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

Күндізгі стационар – нақастардың бірнеше сағат болуына арналған,емханананың емдеу диагностикалық қызметін пайдалану арқылы, бұл жерде кезекпен бірнеше емдеу шаралары және зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Күндізгі стационар құрамында болуы керек:
- кезекші мейірбике тұрағымен палаталар;
- дәрігерлер бөлмесі;
- ем-шара бөлмесі;
- науқастар күндіз болатын бөлмелер;
- санитарлық-гигиеналық бөлмелер;
- таза және кірленген заттар орналасатын бөлме.
Травматологиялық пункт  ауруханалар құрамындағыелді мекенде тұратын жарақат алған адамдарға тәуілік бойы шұғыл көмек көрсетеді.

Жеке меншік клиникалар
Соңғы жылдарда ҚР медициналық қызмет көрсету нарығында денсаулықсақтаудың жеке секторларының үздіксіз дамуы бақылануда, бұл мемлекеттік медицинаға елеулі бәсекелестік тудырып, жеке меншік клиникаларға ақылы қызметке жүгіне алатын науқастар санын жоғарлатуда. Жеке меншік медицинаның артықшылығы: өзбетінше қызмет көрсету саласына байланысты клиниканы таңдауы және халық сұранысына байланысты мамандарды таңдау мүмкіндігі, жақсы материальді-техникалық базалар және дәрімен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, науқастардың емханаларда кезекте тұруының болмауы. Сонымен қатар, жеке меншік клиникалардың басшылары жоғары медициналық қызмет көрсету деңгейінмен және қызмет көрсету жылдамдығымен, клиниканың жағымды ішкі көрінісі арқылы танымалдылық пен беделді қалыптастыруыға үлкен мән береді. Дегенмен, бұл ақылы медициналық клиникада жылдам және сапалы емдейді деген мағнаны білдірмейді және мемлекеттік ауруханалар қажеттілігін жоқққа шығармайды.
Денсаулықсақтаудың жеке меншік секторы науқастардың барлығына қолжетімді жедел жәрдем жүйесін; ірі профильді мамандандырылған орталықтармен; балансында ғылыми-зерттеу орталықтарымен қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар, жеке меншік клиникалар кез-келген медициналық мекемелер сияқты санэпидбақылау органдарымен тығыз жұмыс істеуі қажет. Сондықтан, денсаулықсақтау сапасын жоғарлату және қолжетімді көмек алу мақсатында халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік ЕАМ және жеке меншік клиникалар өзара түсінушілікпен және өзара тиімді серіктестікпен қызмет жасаулары қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет