3.2.3 Қол деконтаминациясы (өндеу) Қол деконтаминациясы – АІЖ алдын-алуға арналған ең маңызды іс–шара. Қолдың тиімді өңделуі үшін керек шарттар: қысқартылған тырнақтар, тырнақ бояуының және жасанды тырнақтардың, қолда сағат және әшекей бұйымдардың болмауы. Медициналық қызметкер әрбір науқасты қарар алдында, іс-шараның алдында және аяғында, бөлмені ағымды жинастырудан кейін, киімін ауыстырғаннан кейін, әжетханаға барғаннан кейін және т.б. қолын жууға міндетті [6, 29, 32].
Қол деконтаминациясының мақсаты:
1 – ыдырау өнімдерін және микроорганизмдерді жою;
2 – пациенттің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3 – жеке гигиенаның және тазалықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету;
4 – микроорганизмдердің өсіп- өнуін тоқтату.
Медициналық персонал әр науқасты тексерер алдында, емшараны орындағанға дейін және орындағаннан кейін, бөлмені тазалағаннан кейін, іш – киімді ауыстырғанда, әжетханадан соң және т.б. кезде қолды жууға тиіс.
Қолдың деконтаминациясының үш деңгейін белгілейді: әлеуметтік, гигиеналық, хирургиялық.