С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Терісі мен шырышты қабаттың сарғаюы



бет162/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

Терісі мен шырышты қабаттың сарғаюы өт пигменттерінің (билирубин) тері және шырышты қабатта жиналуы салдарынан болады, ол өт жолының бітелуі (өт тас ауруы кезінде таспен, рак кезіндегі ісікпен), бауыр аурулары (гепатит, цирроз) немесе эритроциттердің гемолизі (бұзылуы) кездерінде бауырдан өт бөлінуі бұзылуынан дамиды. Терінің сарғаюы көп мөлшерде кейбір дәрілік заттарды (ак­рихин, хинин және басқ.) қабылдауда, бірқатар тағамдарды (сәбіз, цитрустар) қолданғанда болуы мүмкін, бірақ бұл кезде көздің склерасы сарғаймайды.
Тері жамылғысын қарағанда бөртпе бар-жоқтығына көңіл бөлу қажет, ол жұқпалы аурулардың көрінісі болуы мүмкін (везикулалар, күлдіреу, түлеу және басқ.).
Әлсіреген және қажыған ауыр жағдайдағы науқастарда терінің өлі еттену ошақтары - ойық жаралар пайда болады. Науқасты тыңғылықты қарау дер уақытында ойық жараның бірінші белгілерін анықтауға мүмкіндік береді және әрі қарай дамуының алдын-алу үшін емді бастау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет