1. Науқастың білезігін бір мезгілде төрт саусақпен алақан жақ бетіне және үлкен саусақпен сыртқы бетін қапсырып ұстау.
2. Екі қолдың II, III, IV саусақтарын науқас қолының білезік сүйегінің ұзына бойына қояды (саусақтың астында пульсі соғып тұрған жұмсақ, жіңішке, бірдей және серпімді түтікті сезу сезімі болады).
3. Артерияны аздаған күшпен білезік сүйегінің ішкі бетіне қарай басады (қатты басса пульстік толқын жоғалып кетуі мүмкін).
4. Пульстік толқын арасы арқылы пульстің ырғағын бағалау
5. 1 минутта пульстік соққы санын есептеу
6. Пульстің барлық қасиетін анықтау.