С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Тыныс алудың аралас типінде



бет166/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

Тыныс алудың аралас типіндетыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің, көк ет және іштің бұлшық еттері арқылы жиырылады.

Тыныс алу жиілігі. Дем алу және дем шығару жиынтығы бір тыныс алу қозғалысы деп есептеледі. Тыныс алудың 1 минуттағы саны тыныс алу қозғалыс жиілігі немесе жай тыныс алу жиілігі деп аталады. Дені сау үлкен адамның тынысы ырғақты, дем алу және дем шығару бірдей жиілігімен ерекшелінеді (минутына 16—20 тыныс).
Жас шамасына сәйкес физиологиялық тыныштық кезінде тыныс алу жиілігінің қалыпты жиіліктері бар:

  • нәрестелерде – 40-60

  • 6 айында – 35-40

  • 1 жасында – 30-35

  • 5 жасында – 25

  • 7 жасында – 21-23

  • 10 жасында – 20-22

  • 14-15 жасында – 18-20

  • ересектерде – 16-20

Тынысты есептеу тыныштық жағдайында жүргізілуі керек, есептеу алдында науқас физикалық жұмыс жасамауы керек, тамақ ішпеуі немесе алаңдамауы қажет, өйткені бұл жағдайлар тыныс алу жиілігін жоғарылатады. Физикалық күш түскенде,тамақтан соң тыныс жиілейді, ұйқы кезінде— азаяды. Бірақ тыныстың жиілеуі немесе азаюы ақаулы жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Тыныс алу қозғалысы санының жоғарылауы (20-дан көп) - тахипноэ, тыныс санының 16-дан төмендеуі– брадипноэ, тыныстың толық болмауы – апноэ деп аталады. Апноэ ерікті болуы мүмкін, егер науқас өзі тынысын ұстап тұрса, және ақау кезінде болады, мысалы, клиникалық өлім кезінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет