С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет211/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

5.2.12 Мұрын күтімі
Өзін күте алатын науқастар мұрын қусын өздері күтеді. Жағдайы ауыр және төсекте жатқан науқастардың мұрын қуысында тыныс алуды нашарлататын және жағдайын ауырлататын шаң, кір жиналады, сондықтан мұрын қуысына күтімді бекеттегі мейірбике жүргізеді [7, 29].
Мұрын қуысындағы қабыршықтарды тазалау (сурет 76)
Емшараны орындау:

  1. Мензуркаға вазелин майын құю (немесе глицерин).

  2. Турунданы пинцетпен алып майға батырып шамалы сығады.

  3. Мұрын жолдары жақсы көріну үшін пациенттің басын шалқайтады.

  4. Турунданы мұрын қуысына айналдыра енгізіп 1-3 минутқа қалдырады.

  5. Турундны айналдыра қозғалтып мұрын қуысынан қабыршақтармен қоса алады.

  6. Емшараны қайталау.




Сурет 76


Мұрын қусындағы қабыршықтарды алу


Мұрын қуысына тамшы тамызу
Мұрынға тамшыны (немесе эмульсияны) алдын-ала жылытқан күйде науқасты отырғызып немесе шалқасынан жатқызып тамызады. Тамшыны пипетка арқылы тамызады.
Жабдықтар: зарарсыздандырылған пипетка, вазелин майы (немесе глицерин).
Емшараны орындау:

  1. Тамызатын мұрын қуысына қарама-қарсы жаққа науқастың басын шамалы шалқайту.

  2. Пациенттің мұрнының ұшын саусақпен жоғары көтеру.

  3. Мұрын қанаттарына тигізбей мұрын қуысына тамшы тамызу.

  4. Тамшы тамызған жаққа басын бұру.

  5. 1-2 минуттан кейін екінші мұрын қуысына тамшы тамызу.

  6. Пипетканы дезинфекциялық ерітінді бар ыдысқа салу [7, 29].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет