5.2.14 Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек Өзін күте алатын науқастар жылы сабынды сумен таңертең және кешке өздері дәрет алады. Жағдай ауыр және ұзақ уақыт төсекте жатқан гигеналық тазалық жүргізе алмайтын науқастарды тәулігіне 2 рет жуындыру керек. Зәрін және үлкен дәретін ұстай алмайтын науқастарды тері ойылуларының және теріге инфекцияның түсуін алдын-алу мақсатында кіші және үлкен дәретке отырған сайын жуындыру керек. Семіз адамдардың тері қатпарлары қажалғанда теріге сеппе себеді, ал құрғаған жағдайда ылғалдандыратын жақпалар жағады [6, 7].
Шат аралығын және жыныс мүшелерін күту емшарасын науқас палатасында ыңғайлы жағдайда жүргізіледі, ол үшін емшараны орындау кезінде палатадағы басқа науқастардың шығып тұруын өтінеді немесе ширма қойылады. Медициналық құрылғылардан Эсмарх түтігі қолданылады (сурет 78).
Сурет 78
Эсмарх түтігі
Эсмарх түтігі бірден екі литр көлемде сұйықтық құйылатын жұмсақ түтікшесі және қысқышы бар резеңкелі түтік. Оның құрамына ұштықтар (жұмсақ және қатты) және реттеуге қажетті бұрғы кіреді. Бір рет қолданатын Эсмарх түтікшесінде салынатын ұштықтар болмайды, оның қызметін силиконмен майланған түтікшенің дөңгеленген дистальды ұшы атқарады, ол қажетті тереңдікке ауырсынусыз және жеңіл енуді қамтамасыз етеді.