С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


ТАРАУ VI НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ



бет216/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

ТАРАУ VI


НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

Тамақтану – адам ағзасына қажетті физиологиялыық қажеттіліктердің бірі. Тамақтану рациональды болғаны маңызды. Тамақтың негізгі ингредиенттері; ақуыз, май, көмірсулар, минеральды заттар, дәрумендер және су. Ақуыз, май және көмірсулар тіндер мен жасушалардың жұмыс істеуіне қажетті «құрылыс материалдары» болып табылады.Теңдестірілген тамақтану формуласы – бұл ақуыз, май және көмірсулардың науқас рационындағы қатынасы 1:1:4 [6, 7, 32].




    1. Негізгі тағам ингредиенттері

Ақуыз – тірі жасуша және жасуша аралық заттардың негізі, жасушалардың, тіндер мен мүшелердің, ферменттердің, гормондар мен гемоглобиннің, иммунды денелердің түзілуіне қажетті материал. Ақуыз зат алмасудың дамуын, өсуін қамтамасыз етеді, генетикалық ақпарат беруге қатысады, жасушаның тыныс алуын, бұлшық еттердің жиырылуын, тіндерге оттегіні тасымалдауды, иммундық жауапты қамтамасыз етеді. Ағзада ақуыз қоры болмайды, сондықтан ақуыз тамақпен қажетті мөлшерде түсіп тұруы қажет. Ересек адамдарда ақуызды қолдану мөлшері 1 кг дене салмағына тәулігіне 0,7-1,5 г құрайды, сондықтан оның 1/3 бөлігі толық жануар текті ақуыз болу керек, ал 2/3 бөлігі – өсімдік текті.
Ақуызға жануар текті тағамдар (ет, балық, сүт, ірімшік, йогурт), және өсімдің текті тағамдар бай (нан, жармалар, жұмыртқа, жаңғақ).
Ақуыздың ағзадағы жеткіліксіздігі жалпы жағдайдың нашарлауына әкеледі: иммунитеттің төмендеуіне, бауыр, ұйқы безі, бүйрек, жүрек, қан жүйесі және жүйке жүйесінің қызметін төмендетеді. Ақуыз мөлшерінің жоғарлауынан бауырда артық майдың жиналуы, ішекте тағамның шіруі байқалып, дәрумен алмасу бұзылады.
Майлар организмдегі негізгі энергия көзі болып табылады. Майлар ағзада пластикалық үдерістерге қатысады (жасуша мембранасының құрамына кіреді), майда еритін дәрумендердің көзі болып табылады (A, D, E, K) және май алмасуды және қандағы холестерин мөлшерін реттейтін және орын толтырмайтын полиқанықпаған май қышқылдары (арахидон, линоль, линолен) болып табылады.
Майлар шығу тегіне байланысты жануар және өсімдік текті болып бөлінеді, олардың тамақ рационындағы оптимальды қатынасы 2:1 құрайды. Май көзі болып табылатын майлар (өсімдік, сары және тұшытылған майлар), маргариндер, кулинарлы майлар, шпик, шошқа майы, грек жаңғағы, ыспен ысталған шұжық. Қаймақ, ірімшік массасы, голланд ірімшігі, шошқа етінде, үйрек, қаз еттерінде шұжықтарда, шпротта (консерві), шоколадта, халвада майдың құрамы өте көп. Рационда тәулігіне жануар текті май 70% , ал өсімдік текті майлар 30% болу қажет.
Тамақтануда майдың шамадан тыс мөлшері - бауыр, ұйқы безінің зақымдалу қаупін, семіздік, атеросклероз, өт тас ауруын, онкологиялық аурулардың дамуын туғызады.
Тамақ құрамында майдың жеткіліксіз болуы ағзаның дамуын және өсуін тежейді, репродуктивті қызметті тежейді, холестерин алмасуды тежейді, жүйке жұмысының жұмысына және миға негативті әсер тигізеді. Сондықтан майды қажетті мөлшерде қолданған маңызды.
Көмірсулар ағзадағы негізгі энергия көзі болып табылады. Көмірсулар ішектің және ішек флорасының қызметін қалыпқа келтіруге және холестерин мен өттің бөлінуіне қажетті. Олар бұлшықеттің, жүйке жұмысының, жүректің жұмысына маңызды. Ересек адамдарла тәуліктік қажеттілігі – 400-500 г.
Көмірсулар өсімдік текті тағамдардың құрамында болады.: көкөністер, жемістер, тәтті өнімдерде, балда, нанда, жармада, саңырауқұлақта, жаңғақта, тәтті шырындарда.
Көмірсулардың жеткіліксіздігі май және ақуыз алмасудың бұзылуына әкеледі: ағза энергия көзі ретінде тағамдағы ақуыздар мен майларды және бұлшықет тініндегі майларды қолданады. Қанда май қышқылдарының қалдық өнімдері және кейбір амин қышқылдары кетондар жиналады. Кетондардың шамадан тыс жиналуы ағзаның ішкі ортасын қышқыл жаққа бағыттап ми тіндерін уландырып, есін жоғалтып, ацидозды кома тудыруы мүмкін.
Көмірсулардың шамадан тыс мөлшерде болуы семіздікке, қантты диабеттің дамуына әкеп соқтырады.
Су дене салмағының 60% құрайды. Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Суға тәуліктік қажеттілік 2,5 литрге жуық. Егер тамақсыз 50 күн өмір сүруге болса, сусыз бір апта да өмір сүру мүмкін емес, адам 5 күннен кейін өледі. 1-2% су жоғалтқанда адам шөлдейді, 10% - галлюцинация басталады, 12% адам арнайы медициналық көмексіз қалыпқа келмейді, ал 20% өлім туады.
Су тағамды энергияға айналдыруда маңызды роль атқарады, тағамның ағзаға сіңірілуін жүзеге асырады, оттегіні тыныс алуға ылғалдандырады, дене температурасын реттейді, зат алмасуда басты рөл атқарады, буындарды құрғатпайды, ағзадан қалдық заттарды шығарады. Ересек адамдарда суға тәуліктік қажеттілік 1 кг салмаққа 30-40 грамм.
Су жетіспегенде ағза сусызданады, белгілері терінің құрғауы, назар аударудың төмендеуі, бастың ауырсынуы, қан қысымының көтерілуі, бүйрек жұмысының төмендеуі, құрғақ жөтел, арқада және буындарда ауырсыну байқалады.
Суды шамадан тыс қолданғанда айналымдағы қанның көлемі көбейеді, ол жүрекке күш түсіреді, ісіктер пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет