С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу



бет98/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.


Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау ережесі
Сынапты термометрлер, медициналық
- 2% хлораминерітіндісіне 15 минутқа салып қоямыз.
- Ағынды сумен жуып, құрғақ жерде сақтау керек.
Металлдан жасалған шпательдер
1-ші әдіс. Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде қайнату, немесе 120° температурада 45 минут уақытта құрғақ ыстық ауа шкафында стерилизациялау.
2-ші әдіс. 180° температурада 60 минут уақытта құрғақ ыстық ауа шкафында стерилизациялау.
Кушеткалар
Кушетканы, толығымен клеенкамен жабылған, екі қайтара 1% хлорамин ерітіндісімен, егер пациенттің қанымен былғанса онда– 3% хлорамин ерітіндісімен немесе 1,5% гипохлорит кальций ерітіндісімен сүрту керек.
Қайшылар
Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде немесе 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнату.
Пациенттерді жуындыратын ысқыштар
Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде қайнату.
Құрғату.
Қауызды
- 3% хлорамин ерітіндісімен немесе басқа залалсыздандыру құралымен екі мәрте сүрту арқылы залалсыздандыру (немесе ваннаға 60 минутқа 1% хлорамин ерітіндісін құю).
- 100 см2-ге ½ г жуғыш-дезинфицирлейтін немесе тазалағыш-дезинфицирлейтін заттармен сүрту, экспозициясы 5 минут.
- Ағынды сумен шайып жіберу.
Душ бөлмесіндегі резеңке кілемшелер
- 5% хлорамин ерітіндісі мен жуу құралымен (жуу құралының 5г 1л хлорамин ерітіндісіне) қосылған сұйықтыққа 30 минутқа толық батыру
Бөлмелерді
- Өңдеу тәулігіне 2 рет 1% гидрохлорид ерітіндісі және 2% сабын-сода ерітіндісі арқылы орындалады.
Жинауға арналған құрал-жабдықтар
- 1% гидрохлорид ерітіндісіне 1 сағатқа толық батыру.
- Шаю, құрғату.
Аяқ-киім
- 25% формалин ерітіндісіне немесе 40% сірке қышқылы ерітіндісінде өңдеу.
- 3 сағатқа полиэтилен қалтасына салу.
- Иістің кетуіне дейін желдету.
Дәретхана тазалығына қажетті құралдар
- Дәретхана тазалығына қажетті құралдарға арналған 2 ыдыс болуы керек. Оларды күніне 2 рет ауыстыру керек.
- Оларды залалсыздандыру үшін 1,5% кальций гипохлоридіне салынады .
Судна (дәрет ыдысы)
- 1,5% гипохлорид ерітіндісіне 1 сағатқа толық батырылу арқылы өңделеді.
- Шайылып, құрғақ жерде сақталады.
Жылытқыштар, мұзды мұйық, резеңке дөнгелектер
- 0,5% гипохлорид ерітіндісімен екі мәрте сүртіледі.
- Ыстық су мен сабынмен жуылып, құрғатылады.
Клизмалық ұштықтар, катетерлер
1-әдіс. 1,5% гипохлорид ерітіндісіне 1сағатқа батырылады.
2-әдіс. 0,5% жууға арналған ерітіндіде 15 минут қайнатылуы немесе 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатылып, сонан соң жуу.
3-әдіс. Автоклавқа салу.
Төсек-орын
- 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатылып, кір жуылатын орында жуылу.
- Төсек-орынды камералық өңдеу.
- Төсек-орын жиналған қапты 1% гипохлорид ерітіндісінде салып қою.
Ыдыс
- Жуу-майсыздандыру 10 л суға 200 г соданы 0,5% жууға арналған заттарды.
- Жуу-дезинфекция 0,5% хлорамин ерітіндісінде 30 минут. Қасықтар, шанышқылар – 30 минут уақытта қайнату.
- Жуу-шаю ыстық ағынды суда.
Ыдысқа арналған ысқыш
- 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнату.
- Залалсыздандыруға арналған ерітіндіге 1сағатқа батыру.
- Жуу, құрғату.
- «Таза ысқыш», «кір ысқыш» деп жазылған екі ыдыста сақтау.
Науқастарды тасымалдауға арналған каталкалар
- 1% гипохлорит ерітіндісіне малынған ветошьпен екі қайтара сүрту.
- Дистилденген суда 30 минут уақытта қайнату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет