С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда



бет171/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе

Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда

мейірбикенің көмегі


Ваннаны алдын-ала дезинфицирленген ерітіндімен залалсыз-дандырады, сосын сабын қосып щеткамен жуады және ыстық сумен шаяды. Әрі қарай ваннаны суға толтырады (алдымен суық, сосын ыстық), судың температурасы 35-37°С шамасында болуы керек. Басқа біреудің көмегін қажет ететін науқастарды ваннаға жайма арқылы немесе орындыққа отырғызып, душтың көмегімен жуындырады (сур. 56).

Науқасты келесі ретпен жуындырады: басы, денесі және қолдары, шап аралықтары, белі, іші және аяқтары. Гигиеналық ваннаны қабылдау ұзақтығы 30 мин. аспау қажет.Үйінен таза болып түскен науқастар, тек киімдерін ауруханалық киімге ауыстырады [6, 29].

Гигиеналық ваннаны ауыр ауруларымен (гипертониялық криз, жедел миокард инфаркті, жедел ми-қанайналым бұзылысы, айқын қанайналым жеткіліксіздігі, активті фазадағы туберкулез және басқ.), бірқатар тері аурулары, жедел хирургиялық араласуларды қажет ететін аурулар, босанатын науқастарға қабылдауға рұқсат етілмейді. Бұндай жағдайда науқастың тері жамылғысын алдымен сабынды жылы суға малынған тампонмен, сосын таза сумен сүртеді және құрғатады. Сүрту үшін одеколон немесе спирт қосылған жылы суды да қолдануға болады. Науқастың тырнағы қысқа болуы керек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет