Болуы мүмкін асқыныстар: жағдайының нашарлауы: жүрегі ауыру, жүрегі қағу, бас айналу, тері түсінің өзгеруі. Осындай белгілер байқалған жағдайда, ваннаны қабылдауды тоқтату, науқасты каталкамен палатасына тасымалдау және қажетті көмек көрсету.
5.1.2 Шашты қысқарту
Қажетті заттар:
• Қайшы, шашты қысқартатын машинка.
• Шашты өртейтін леген, сіріңке.
• Спирт (70%).
Шараның орындалуы:
1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау.
2. Орындыққа (кушетка) клеенканы төсеу, оған науқасты отырғызу және иығын полиэтиленді жаялықпен жабу.
3. Шашты қысқартатын машинкамен шашын алу, бастың шашында тері аурулары болатын болса-дайындаған легенге шашын қию
4. Шашты өртеу.
5. Қайшыны, ұстараны спиртпен өңдеу.
1.3 Қыру [6]
Қажетті заттар:
Резиналы қолғап.
Ұстара, сақалға сабын жаққыш және қырынуға арналған крем.
Майлық, орамал, суға арналған ыдыс.
Шараның орындалуы:
1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау, қолғап кию.
2. Суды жылыту (40–45°С дейін), майлықты сулап, сығып, науқастың бетіне қою.
3. Салфетканы алып, сақалға сабын жаққышпен қырынуға арналған крем жағады.
4. Ұстара қозғалысына қарама-қарсы бағыттағы теріні екінші қолымен тартып, науқасты қырындырады.
5. Бетті алдымен ылғалды майлықпен сулайды, сосын құрғақ майлықпен сүртеді.
6. Ұстараны спиртпен өңдейді.
7. Қолғапты шешіп, қолды жуады.
Аурухананың қабылдау бөлімінде барлық түскендерді педикулезге тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |