С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Судно және зәр қабылдағышты қолдану



бет207/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе

Судно және зәр қабылдағышты қолдану

Жағдайы ауыр және операциядан кейінгі пациенттер физиологиялық қажеттіліктерді жатқан қалпында жүзеге асырады. Ішекті босату мақсатында төсекте судно, ал зәр шығару кезінде зәр қабылдағыш беріледі. Әйелдерге зәр шығару кезінде судно, ал ер адамдарға үйрек тәрізді шыны ыдыс беріледі.



Зәр қабылдағыш және судно науқасқа жылы күйінде беріледі, дәретке отырғаннан кейін оларды босатып тазартады.

Медициналық судно әртүрлі материалдардан жасалынады: эмальмен қапталған металлдан, фаянстан, резеңкеден, пластикадан. Пішіні бойынша барлық судналар бір-біріне ұқсас- тегістелген домалақ пішінді, биіктігі шамалы, ортасында сопақ тесігі бар, қақпағы жабылатын, бүйірінде ішіндегісін төгуге арналған ойығы бар [6, 29].

Металлды суднаның көлемі үлкен, ұзақ мерзімге қолдануға жарамды және залалсыздандыруға қолайлы (сур. 79 а).

Үрлемелі резеңкелі судноның сипаты: көлемі кішірек, көп қолданғанда өзінің беріктік қасиетін жоғалтады, пациенттің астынан алып шыққанда ішіндегі зәр төгіліп қалуы мүмкін. Дегенмен ұзақ жылдар бойы жағдайы ауыр науқастарда тері ойылуының алдын-алу мақсатында қолданылды (сур. 79 б).

Соңғы жылдары пластикті судна қолданылады, олар өте жеңіл, залалсыздандыруға ыңғайлы және «жылы материал» әсері бар, яғни пациенттің терісіне тигенде тез жылынады (сур. 79 в).




а б в


Сурет 79.

Науқастарға арналған судналар

а – металлды, б – резеңкелі, в – пластикті

Зәр қабылдағыштар сопақ пішінді, созыңқы тесігі бар металл және шыныдан жасалған түтік тәрізді ыдыс. Түтіктің пішіні арқылы әйелдерге және еркектерге арналған болып ерекшеленеді (сур. 80 а, б). Соңғы жылдары бір рет қолданатын зәр қабылдағыштар жиі қолданылады (сур. 80 в).






а б в

Сурет 80.

Зәр қабылдағыштар

а – еркектерге арналған, б – әйелдерге арналған,

в – бір рет қолданылатын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет