1.2.2 Стационарлық типтегі мекемелер
Ауруханалық мекеме түріне аурухана, клиника, госпиталь, перзентхана, сауықтыру орталығы, хоспис, күндізгі аурухана жатады [4, 7, 25, 32].
Ауруханалық мекеме ауруханалық шартта емдеуге арналған. Ауруханалық көмек (лат. stationaris – тұратын, қозғалмайтын) -біліктілік, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған, тәулік бойына медициналық қадағалаумен, көмек көрсету формасы.
Аурухана - дәрігерлік күтімді, қадағалауды, қарауды қажет ететін науқастарды жатқызатын емдеу мекемесі. Бұл жерде кідіріссіз медициналық көмек, сонымен қатар емханалық жағдайда қиындық туғызатын немесе болмайтын үнемі медициналық күтімді және емдеу әдістерін қолдануды қажет ететін науқастар жатқызу қызметтері атқарылады (ота жасау, жиі көк тамырға, бұлшық етке егу жасау және басқа да іс-шаралар)
Ауруханалар бөлінеді:
бірсалалы, бір ғана аурудың түрін емдеуге арналған мекеме (туберкулездік, психоневрологиялық, жұқпалы және т.б)
көпсалалы, әртүрлі ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған бөлімшелері бар (терапия, хирургия, неврология, ЛОР және басқа да бөлімдер)
Көмек көрсету аймағына байланысты:
аудандық
қалалық
облыстық
республикалық
Клиника - бұл науқастарды тек ауруханалық емдеу ғана емес, студенттерді оқытатын және ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізілетін аурухана.
Клиникаларда дәрігерлік жоғары мамандандырылған штаттар болуы керек және науқастарды диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы қажет.
Госпиталь – жұмыс жасайтын және қызметте болған әскери қызметкерлерге, ардагерлерге, соғыс мүгедектеріне, сонымен қатар соғыс әрекеттерінде зардап шеккен адамдарға емдік-диагностикалық көмек көрсетуге арналған мамандандырылған емдік-алдын-алу мекеме.
Госпиталь түрлері:
орталық;
қарулы күштер түрі;
аймақтық;
гарнизондық;
Соғыс уақытында ұйымдастырылатын госпитальдар:
жазықтық жылжымалы;
эвакуациялық;
армияға көмек беретін әскери бөлімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |