С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Стационардың жұмысын ұйымдастыру



бет35/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе

1.4 Стационардың жұмысын ұйымдастыру
ЕАМ стационар типі келесі құрылымнан тұрады:

Емдеу-диагностикалық бөлім:



  • қабылдау бөлімі, мұнда изолятор болуы қажет (диагностикалық палаталар);

  • мамандандырылған емдеу бөлімшелері (терапиялық, хирургиялық, неврологиялық және т.б.);

  • ота жасалатын блок;

  • реанимация және шұғыл көмек көрсету бөлімшесі;

  • диагностикалық бөлімшелер: рентгенологиялық бөлімше (кабинет); функциональды диагностика бөлімшелері; патологиялық-анатомиялық бөлімше; зертханалар және т.б.;

  • емдік дене шынықтыру және физиотерапия бөлімшелері, сәулемен емдеу бөлімшесі, гемодиализ және гемосорбция бөлімшелері және т.б.; 

Әкімшілік-шаруашылық бөлім:

Көрсетілген әртүрлі бөлімшелердің болуы берілген аурухананың қызметінен, көлемінен, диагностикалық және емдеу міндеттерінің қалада (ауданда) орталықтандыру деңгейіне байланысты.

Аурухананың жер бөлігі үш аймаққа бөлінеді: ғимараттар, шаруашылық құрылымдар орналасқан аймақ және көгалдандырылған қорғаныш аймағы. Емдеуге арналған аймаққа және шаруашылық аймақтарына бөлек кіретін жолдар болу керек.

Барлық аурухананы директор басқарады, оны жоғарыда орналасқан денсаулық сақтау ұйымы бекітеді және жұмыстан босатуға құқылы немесе ұжымның жиналысында таңдап алуға болады. Директор аурухананы басқаруға өзі құқылы, өзі және орынбасарларына жауапкершілік артылады: ұйымдастырылуына, емдеу-диагностикалық үдерістің сапасына және деңгейіне қазіргі уақыттағы ғылыми және тәжірибе талаптарына сай, материалды-техникалық базаның жағдайына жауапты және санитарлық-эпидемияға қарсы талаптардың орындалуына, аурухананың медициналық қызметкерлерінің білімділігін жоғарылатуын қамтамасыз етеді [19].

Науқастарды қабылдау қабылдау бөлімі арқылы жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет