Жалпыжағдайы қанағаттанарлық, егер ағзаның өміріне қажетті қызметі бұзылмаса, аурудың көптеген симптомдары болуы мүмкін, бірақ олар әлсіз айқындалған және науқастың белсенділігіне кедергі келтірмейді. Есі анық, төсектегі қалпы белсенді, тамақтануы бұзылмаған, дене температурасы қалыпты немесе субфебрилді. Науқас өзін-өзі күте алады. Қанағаттанарлық жағдай аурудың жеңіл түрі ағымында немесе реконвалесценция кезеңінде болады (жазылу).
Орта дәрежелі ауырлық жағдайыағзаның өміріне қажетті қызметі бұзылған, бірақ науқастың өміріне қауіп төндірмейді. Есі анық, бірақ бел-әлпеті ауырған адамның түрі. Негізгі аурудың симптомдарының аздап айқындығы көрінеді: әр жерінің ауыруы, әлсіздік, қызба, ентігу және басқалары. Науқастың қозғалыс белсенділігі шектелген. Науқастың белсенділігіжалпы әлсіздікті және ауырсыну симптомдарын үдетеді, бірақ науқас өзін-өзі күте алады.