С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру



бет183/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе

5.2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру

Егер науқас толық болса немесе толығымен қозғалмаса, киімін жалғыз ауыстыру қиындық тудырады және мейірбике денсаулығына қауіпті. Бұл жағдайда киімді ауыстыру көмекшінің қатысуымен жүргізіледі. Науқас киімін ауыстырар алдында таза киім жиынтығын дайындап аламыз, қолданылған заттарды салатын қапты және медициналық қолғапты дайындаймыз. Таза жейде науқас көлемінен бір көлемге үлкен болуы тиіс (сур. 58).





dic.academic.ru

Сурет 58.

Науқас жейдесін ауыстыру
Іс-шараның орындалуы:

1. Ең алдымен науқас басын жеңіл көтеріп, жастықты аламыз.

2. Науқасты абаймен көтеріп, науқас сегізкөз аймағына қолын өткізіп жейденің шетін ұстаймыз және оны мұқият қолтық астына дейін, ал арқасынан - мойнына шейін көтереміз. 

3. Осыдан кейін науқас қолдарын көтеріп, мойынында жиырылған жейдені басы арқылы өткізіп шешеміз, лас жейдені науқас бетіне тигізбейміз.

4. Науқас басын жастыққа түсіреміз. 

5. Науқас қолдарын жеңінен босатамыз: алдымен сау қолын, содан кейін ауру қолын.

6. Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.

Жағдайы ауыр науқастың таза жейдесін жоғарыда айтылған ретпен киіндіреміз:

1. Таза жейдені арқасында жинаймыз

2. Ауру қолына жеңін кигізіп, содан кейін сау қолын кигіземіз

3. Қолдарын кеудесіне қойып, оң қолымен науқасты демеп және сол қолымен жейдені мойын тесігінен басы арқылы кигіземіз

4. Төменге дейін жейдені жазамыз [6, 32].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет