Науқас адам жеке гигиенасын жүзеге асыру кезінде көмекке мұқтаж болады: жуыну, қырыну, ауыз қуысының күтімі, шаш, тырнақ күтімі, дәрет алу, ванна қабылдау және тамақтану. Бұл кезде мейірбике қолдары науқас қолдарының қызметін атқарады. Бірақ көмектесе отырып, науқас дербестігінде талап ету керек, сол үшін оның тілегін мадақтаған да жөн.
Медициналық қызметкер науқастың дербестігін сақтау мақсатында науқасты және оның отбасы мүшелерін «өзін-өзі күту» әдістеріне белсене қатысуына шақыруы керек (кесте 7-10).