Әлеуметтік деңгей (қолдың әдеттегі жууы) – аз ластанған қолды сумен немесе сабынмен жуу (зарарсыздан-дырғыштар қолданылмайды) терідегі көп мөлшердегі транзиторлы микроорганизмдерді жояды. Қолды әлеуметтік өңдеу тамақты пайдаланар алдында, әжетханадан соң, наусқасты тексерерде және тексеріп болғаннан соң, қол ластанғаннан соң өткізіледі.
Қолды өңдеудің ережелері. Қолдағы барлық әшекейлерді, сағатты шешу керек, себебі олар қолдағы микроорганизмдерді жоюға қиындық соқтырады. Қолдар сабынданады, кейін жылы ағынды сумен шайылады және барлығы қайта қайталанады. Қолды бірінші рет сабындағанда немесе жылы сумен шайған кезде қолдың терісіндегі микроорганизмдер жойылады. Жылы суды пайдаланған-да немесе қолды ысқылағанда тері ашылады, сол үшін қайталап сабындаған және шайған кезде ашылған терідегі микроорганизмдер жуылады. Жылы су сабынның аса тиімді әсер етуіне көмектеседі, сол сияқты ыстық су қолдың бетінен қорғаныстық майдың қабатын жояды. Осыған байланысты қолды жуу үшін ыстық суды пайдаланбаған дұрыс.