С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет67/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе

Қорытынды дезинфекция – науқас шыққан соң, ауыстырылған соң, өлімінен кейін бос қалған палатада қорытынды типті дезинфекция жасалады.

Қорытынды дезинфекция – науқас ауруханадан шыққаннан кейін, басқа бөлімшеге ауысқаннан кейін, немесе қайтыс болғаннан кейін, босаған палатада қорытынды дезинфекцияға сәйкес дымқыл жинау басталады. Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау мынадай әдіспен жүргізіледі, бөлменің төбесін, қабырғаларды, төсектерді, тумбаларды, үстелдерді және де басқа жиһаздарды бекітілген концентрациямен дымқыл матаны дезинфекциялық ерітіндіге малып алып шаю, сүрту (кесте 2).


Кесте 2.

Жинауға арналған құрал-жабдықтардың зарарсыздандырылуы




Дезинфекциялық

заттың атауы



Концентрациясы

Экспозициясы

Хлорамин Б

1%, 3%

120 мин. 60 мин.

Дезактин

0,2 %

60 мин.

Хлорлы әк

3% 1 %

60 мин. 120 мин.

Су тегінің асқын тотығымен

жууға арналған затпен



 6%

0,5%


60 мин.

Жинаудың соңында дезинфекциялық ерітіндімен едендер жуылады, содан кейін кварц жарығы қосылады, соңында бөлме желдетіледі. Дымқыл жинастыруды аяқтаған кезде қолданылған жууға арналған маталар дезинфекциялық ерітіндіде зарарсыздан-дырылады, ағынды сумен дезинфекциялық заттың иісі кеткенге дейін тазартылып жуылады және кептіріледі.

Бөлмелердегі барлық тазалау жұмыстары мейірбикемен бірге жасалады, мейірбике тазалауды таза аймақтан бастайды, яғни манипуляциялық үстелі, таңу үстелі, медициналық шкаф, тоңазытқыш, кушетка, мейірбикенің жұмыс үстелі, ал санитар орындық, есік, есік тұтқаларын, терезе алдын, санитарлы түйіндер мен еденді жуумен аяқтайды.

Палаталарда санитар тазалауды төсектен, терезе алдынан, есік тұтқаларынан, одан кейін санитарлы түйіндерге тазалау жүргізіп, еденді жуумен аяқтайды. Тамақтану үстелі, азық-түлікке арналған тумбочка және тоңазытқышты тамақ таратушы өңдейді.

Терезе әйнектерін іш жақтан жуу айына кем дегенде 1 рет, сырт жақтан және кірлену деңгейіне қарай жуу 3 айда кем дегенде 1 рет жасалады.

Палаталарды желдету тәулігіне кемінде 4 рет. Косметикалық жөндеу жұмыстары жылына бір рет, қажет болған жағдайда оданда жиі жасалуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет