С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет64/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе

3.1.6 АІЖ алдын-алу

АІЖ алдын-алуға стационарда АІЖ таралуын және дамуын алдын алатын іс-шараларды ұйымдастыру жатады [25, 32].



1.Санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау бойынша іс-шаралар:

  • Емдік-алдын-алу мекемедегі қоршаған ортадағы объекттерді санитарлы-бактериологиялық зерттеу, әсіресе жан сақтау және интенсивті терапия бөлімінде;

  • Аурухана ішілік инфекция жағдайын тіркеу, есепке алу және аурушаңдық анализі;

  • Аурухана ішілік инфекция қоздырғышын анықтау;

  • Микроорганизмдердің антибиотиктерге, антисептиктер-ген, дезинфектанттарға тұрақтылығын анықтау;

  • Медицина қызметкерлерінің денсаулығын қадағалау (аурушаңдық, бактерия тасымалдаушылық);

  • Емдік-алдын-алу мекемедегі санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді ұстануды қадағалау;

  • Аурухана ішілік инфекциямен ауыратын науқастарды дер кезінде анықтау;

  • Әр аурухана ішілік инефкция жағдайында эпидемиолгиялық тергеу жұмыстарын жасау;

  • Науқастарды дер кезінде арнайы бөлімше, палаталарға орналастыру;

  • Медицина қызметкерлері арасында аурухана-ішілік инфекция тасымалдаушылар көзін анықтау;

  • Медицина қызметкерлері мен науқастар арасында қоздырғыш тасымалдаушыларды санациялау;

    1. Аурухана ішілік инфекцияның берілу механизмдеріне қарсы іс-шаралар:

  • Науқастарды «іріңді» және «таза» топқа жіктеу;

  • Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша карантинді іс-шараларды кірістіру;

  • Медицина қызметкерлерінің қолын өңдеуі;

  • Операция аймағын, тері қабаттары, босану жолдарын өңдеу;

  • Бір ретті қолданылатын медицина құралдарын, арнайы киімдерді, дәретхана жабдықтары мен төсек жабдықтарын қолдану;

  • Іш киімдері мен төсек жабдықтарын кезеңді ауыстыру;

  • Кір киімді және таңу заттарын дұрыс сақтау, жою;

  • Бөлмелерді дұрыс санитарлық қадағалау;

  • Әр пациенттен кейін төсек жабдықтары мен күтім заттарын дезинфекциялау және стерилизациялау;

  • Дезинфекцияны, стерилизация алды тазалау мен стерилизация сапасын қадағалау.

  • Науқастарды бокс палаталарына жатқызылуына дейін баратындай бір-бірінен алшақ ұстау;

    1. Ағза төзімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

  • Әлсіз науқастарды жеке қадағалау;

  • Микробқа қарсы заттарды рационалды қолдану;

  • Иммунитетті көтеруге арналған дәрілік заттарды қолдану: иммуномодуляторлар, дәрумендер;

  • Емдік-алдын-алу мекеме қызметкерлерін эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша вакцинациялау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет