Денсаулық пункті - әдетте емхана немесе медициналық-санитарлық бөлім құрамына кіріп, жеке емдік алдын-алу мекеме болып табылмайды. Денсаулық пункті жұмыс немесе құрылыс участкесіне жақын аймақтағы ірі цехтарда ұйымдастырылады. Дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық пунктерін ажыратады.
Денсаулық пунктінің медицина қызметкерлерініңнегізгі қызметі (дәрігер, фельдшер, мейірбике) – өндіріс орынының жұмысшылары жарақат алғанда, уланғанда, жедел жағдайларда дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, сонымен қатар емхана немесе медициналық-санитарлық бөлім дәрігері тағайындаған ем шараларын, егуді, диспансерлеу және санитарлы ағарту жұмыстарын іске асыру.
Диспансер – диспансерлік әдіс (нақты сырқаттар бойынша науқастарға көмек көрсету) бойынша барлық жұмысты іске асыратын амбулаторлы типті ерекше мамандандырылған мекеме. Психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық, кардиоревматологиялық, эндокринологиялық диспансерлер жұмысжасайды.
Диспансердіңнегізгі қызметі – шығутегі бір әртүрлі аурулардың алдын-алу және емдеу. Мысалы, туберкулезді диспансер туберкулезбен ауыратын науқастарды емдейді, науқастың үйіндегі, жұмыста бірге қызмет жасайтын адамдарда туберкулездің алдын-алу, туберкулездің ерте формаларын анықтау үшін тұрғындарды жаппай тексеру, туберкулездің алдын-алу үшін егу жасау және т.б. Осыған сәйкес онкологиялық диспансер қатерлі ісіктердіңалдын - алу және емдеудің және т.б. іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |