Науқастың мейірбикелік көмекке тапшылығын бағалау (мейірбикелік диагноз), науқастарды зерттеу, емдеу, күту жоспарын құрып, емнің нәтижелілігін, жалпы жағдайының динамикасын бағалап, деректерді ауру тарихына белгілеп, науқастардың күнделікті күтімін жүргізеді.
Науқастардың күтімін емдік-алдын-алу мекемеде немесе үй (патронаж) жағдайында орындайды.
Азаматтарға біріншілік медициналық көмек көрсетеді, соның ішінде жедел жағдайдағы дәрігерге дейінгі, паллиативті көмек.
Зертханалық тексерулерге талдамаларды алады, бөлімшедегі дәрілік кіріс-шығысты санап, дәрілердің есебін, сақталуы мен қолданылуын қамтамасыз етеді.
Дәрігерлік тағайындаулардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Науқастардың күтімін, дәрілерді ағза ішіне енгізілуін орындаумен қатар, науқасарды диагностикалық зерттеулерге дайындап, электрокардиография жүргізеді.
Науқастар мен олардың туысқандары арасында санитарлық-ағарту жұмысты жүргізеді. Есеп-қисаптық медициналық құжаттарды толтырады.
Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды.
Осылайша, дәрігер мен мейірбике – БМСК ұйымдарындағы медициналық қызметтерді көрсетудің барлық жүйесіне әсер ететін доминантты жұп.
Амбулаторлық-емханалық көмек - қозғалмалы медициналық кешендегі жылжымалы медициналық бригадамен, кеңес-диагностикалық пойыздармен климатгеографиялық жағдайлардың ескерілуімен, медициналық ұйымнан шалғайда орналасқан немесе жол қатынасы нашар елді мекендерге көмек көрсете алады.