С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет205/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
вирусты жуқпамен шақырылған эпитопты
таратылу болашақта созылмалы аутоимунды деструктивті процесстің
дамуында маңызды болып табылады.
Кейбір адамдарда жұкпаға карсы иммунды жауап патоген эли- 
минациясынан кейін аяқталады, оның соңында эпитопты таратылу 
нәтижесінде пайда болған жұкпаланған тіннің меншікті антигендеріне 
карсы жауап та аякталады (жұқпалы аурудың аутоиммунды компоненті). 
Баскаларда (мысалы, генетикалық бейім жандарда) жойылған патоген- 
ге қарсы иммунды жауап аякталған күнде де, меншікті тіндерге карсы 
аутоимунды жауап тоқтамай, жалғасады да, ілгерілейді. Бұндай адам- 
дарда жұқпалы аурудың аутоиммунды компоненті триггерлі фактордын 
жойылуынан кейін де жалғасатын аутоиммунды ауруға ұласады.
Шамасы, эпитопты таралу кейбір адамдардың 
Мусоріаша риітопіа
бактериясымен жұкпаланған кезде дамитын гемолиздік анемия 
патогенезінің негізінде жатыр. Бұл патогенге карсы І§М-ге жата- 
тын антиденелер бактериялардың поликанттарын байланыстыра от- 
ырып, кұрылысы бойынша ұксас эритроциттердін I олигосахаридті 
антигенініңде комплемент тәуелді лизисін шакыра алады. Осылай- 
ша, антиденелік жауап бактериялы компонентінен ағзанын меншікті 
жасушаларынын структура бойынша ұксас компонентіне эпитопты та- 
ратылады.
Эпитопты таралу механизмі тышкандарда табиғи патоген болып 
табылатын Тейлер 
(Тһеііег)
вирусымен қозатын эксперименталды 
аллергиялык энцефаломиелитінің (ЭАЭ) патогенезіне де катысатын 
сияқты. Бұл вируспен туындайтын закымдалулар эпитопты тараты-


408
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
лу нәтижесінде миелинді кабаттың протеолипидтеріне аутореактивті 
клондарынын белсенуін болдырады. Дәл сол клондар ЭАЭ коздыру 
максатымен тышкандарды вирус катысуынсыз миелин нәруыздары 
немесе пептидтерімен иммунизациялаған кезде эпитопты таратылу 
арқылы белсенеді.
Жұкпа кезінде аутоиммунды аурулардын туындауына тағы бір 
демеуші механизм — 
лимфоциттердің поликлонды белсенуі.
Бұндай белсенудің себебі суперантигендер — телімсіз түрде ан- 
тигентанушы рецептор тізбектерінде және антиген таныстырушы 
жасушалардын бетінде суперантиген пептидтерін таныстыратын 
МНС-молекулаларына бірдей байланыскан, поликлонды, онын ішінде 
аутореактивті Т-лимфоциттердін күшті белсенуін, нәтижесінде ауто- 
иммунды жауапты бастай алатын бактериялар мен вирустар өндіретін 
нәруыздар болуы мүмкін. Бүндай суперантиген мысалы ретінде артрит 
коздыратын 
Мусоріазта агіһгіМҺ
суперантигені болуы мүмкін.
В-лимфоциттердін поликлонды белсенуін әр түрлі вирус пен бакте- 
риялар тудыруы мүмкін: граммтеріс бактериялардың көбі, Эпштейін- 
Барр вирусы және Т-хелперлердің катысуынсыз фМ синтездейтін, 
В-лимфоциттердің көптеген клон пролиферациясын күшейтетін 
әйгілі поликлонды белсендіргіштер — цитомегаловирустар. Осын- 
дай жағдайда В-жасушаларының аутореактивті клондары да белсен- 
се, аутоантидене синтезі басталады. Мысалы, Эпштейн—Барр виру- 
сымен шакырылған жұкпалы мононуклеоз кезінде меншікті анти- 
гендерге карсы көптеген аутоантидене — Т- және В-лимфоциттерге 
карсы антиденелер, антиядерлі антиденелер және ревматоидты фак- 
тор синтезделеді. Осындай тәсілмен ЖКЖ ауыратын наукастардын 
лимфоциттері меншікті антигендерге карсы көп мөлшерде І§М 
өндіреді. ЖИТС-пен ауыратын наукастардын көбісінде эритроцит мен 
тромбоциттерге карсы аутоантиденелердін жоғары деңгейі байкалады. 
Бұл наукастар бір уақытта баска да вирустармен, соның ішінде поли- 
клоналды В-жасушалык белсенуін коздыратын Эпштейн—Барр және 
ЦМВ жұкпаланған болады.
Соңғы кездері 
жуқпалы патогендермен белсендірілетін антиген та-
ныстыруиіы (АТЖ) жасушалардың костимулдеуші қызметімен байла-
нысты аутоиммунды патология индукңиясының тагы бір механизмі
жіті
зерттелуде. Кейбір жұкпалы агенттер АТЖ жасушаларынын 
ішінде паразиттеп, аутореактивті лимфоциттерге костимулдеуші 
белгіні камтамасыз етеді. Бүл олардын пролиферациясын, белсенуін


20-Тарау. Аутоиммунды аурулар
409
және меншікті антигендерге иммунды төзімділіктің перифериялык 
механизмдерінін бұзылысына алып келе алады. Осындай АТЖ ретінде, 
көбінесе дендритті жасушалар (ДЖ) болады.
Егер жұкпа кезінде антигенді таныстыру барысында шеткері 
төзімділікті сактауға септесетін арнайы механизмдер болмаса, орталык 
төзімділіктің калыптасу кезінде жойылмай калған аутореактивті клон- 
дар белсеніп кетуі мүмкін. Себебі, жұкпа кезінде ДЖ жұкпаланған 
тінде костимулдеушілердін (В7-1, В7-2) экспрессиясын жоғарылатады 
да, маңайындағы шеткері лимфоидты мүшелерге карай коныс ауда- 
рады. Олардың бетінде «пептид — МНС нәруызы» кешені түзіледі. 
Кешенннің кұрамындағы пептидтер санына жұкпа ошағында жасу- 
ша фрагменттерін жұту және гидролиздеу нәтижесінде пайда бола- 
тын жұкпалы агенттін пептидтерімен катар организмнің меншікті 
пептидтері де кіреді. Нәтижесінде, ДЖ костимулдаушы молекулалармен 
біріктіріп, таныстырып тұрған меншікті пептидтерді рециркуляциядағы 
аңқау Т-лимфоциттер танып алып, белсеніп, көбейіп, эффекторлы 
жасушаларға дейін жетіледі. Бұл үдеріске, қалыпты жағдайда, жаңадан 
пайда болған аутореактивті Т-жасушамен жұқпа жокта жетілген ДЖ 
алдын ала өзара катынасудан пайда болатын төзімділік аркылы жол 
берілмейді. Бұл ДЖ тіндерден дренажды лимфа түйініне көшіп бара- 
ды да, меншікті пептидтерді МНС-нәруыздарымен кешендеп, бірак 
эффекторлы Т-жасушаларының дамуын қамтамасыз ететін кости- 
мулдаушыларды аз экспрессиялап, цитокиндерді бөлмей таныстыра- 
ды. Осылайша, ДЖ жаңадан түзілген аутореактивті Т-жасушалардың 
абортивті белсенуін камтамасыз етеді. Бұл Т-жасушалардын уакытша 
пролиферациясы мөлшерлерінің тез төмендеуімен ерекшеленеді. 
Аутореактивті Т-жасушалардың аз мөлшері аман калады, бірак олар 
келесі белсенуге дейін рефрактерлі болып калатын сиякты. Мұндай 
кұбылыс аутореактивті жасушалардың абортивті белсенуі деп аталады. 
Ол аутоиммунды патологияның дамуынан сақтайды.
Бірак, кейбір адамдарда абортивті белсену акаулы болуы мүмкін 
және белсенген аутореактивті Т-лимфоциттер ағзаның меншікті тініне 
шабуьш жасай алады. Мұндай перифериялык толеранттылықтың 
бұзылысына бірқатар факторлар: генетикалық бейімділік, екіншілік 
иммунды тапшылык және созылмалы жұкпа ошактарынын болуы әсер 
етеді.
Баяндалған мәліметтерден 
сыртқы орта қолайсыз факторларының
арасында жүқпаның ерекше маңызы бар
екені анық көрініп тұр.


410
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
Жұкпалы агенттер АТЖ антиген процессингінен бастап эффектор- 
лы лимфоциттердін аутореактивті клондарының пролиферациясы 
мен пісіп-жетілуіне дейін туа біткен және адаптивті иммунитеттің әр 
түрлі бөліктеріне әсер етіп, перифериялык төзімділік механизмдерінің 
бұзылысын коздырады. Бұл аумактағы зерттеулер осы кен таралған 
адам аурулары тобынын патогенезіндегі механизмдерін түсінуді 
терендетіп, диагностикасын, емін жетілдіруге, алдын алу шараларын 
калыптастыруға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет