9-Тарау. Туа біткен иммунитет жүйесінің жасушалары және оның қызметтері
137
Таралған склером)а мес жасушаіары жүйке тінінің миелинді
қабығының деструкциясын үдететіні белгілі болды.
Экспериментте, мес
жасушаларынан айырылған тышкандарда, энцефаломиелиттін сим-
птомдары кеш көрінетіні белгілі болды. Адамдарда да осы аурудын
көрінісін кеш көріну себебі осыған байланысты.
1980-жылдардын өзінде, мес жасушалары және атересклероз
табакшаларының арасында байланыс болғаны белгілі болған.
2007-жылы, Гарвард университетінде жұмыс істейтін Оио—Ріп§
8һі, жануарларға эксперимент істеп, мес жасушаларынан айырылған
тышкандардын кантамырында пайда болған холестерин табакшалары
жәй ғана кішкентай емес және өте сынғыш нәзік болатынын көрсетті.
Одан баска олардын кантамыры закымдалмаған. Зерттеушілердін ай-
туынша бұл процесте, мес жасушалары бөлетін
катепсиндердің
маңызы
зор, ол көрші жасушаларды бұзады. Катепсиндер кантамырынын
эндотелийін бұзып, атересклероз табакшасына бірыңғай салалы
бршыкеттін өсуіне ыкпал етеді. Мес жасушаларынан бөлінетін ци-
токиндер коршаған тіндерде кабыну туғызып, жағдайды одан әрі
ушыктырады.
О. ІЧіІ8оп (Стокгольм), Ходжкин лимфомасының бетіндегі СОЗО
рецептор, мес жасушаларының бетіндегі молекулалармен байланыса-
тынын көрсетті. Бұл байланыс жасушалардан ісік өсуіне ыкпал жасай-
тын жергілікті қабыну дамытатын медиаторлар бөлінуін белсендіреді.
Кейбір зерттеулерде, катерлі ісіктердін түрлерінде (тері, ток ішек,
сүт безі рактарында және т.б.) мес жасушаларының инфильтрация-
сы аныкталған. Операциядан кейін мес жасушалары көптеген ме-
диаторлар бөліп, бұзылған тіндердің кайта сорылуына әсер етеді. Бұл
медиаторлардын арасында кантамыр өсіретін ангиогенез үдерісіне де
әсер етеді деген мәліметтер бар. Бұл салдарлык ісіктің дамуына әсер
етеді, себебі кантамыры ісіктің өсуіне кажетті заттарды әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: