С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет69/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
Қабыну ошағындағы макрофагтар өндіретін және
бөлетін қабынуалды цитокиндері моноцитопоэзды кушейтетін фактор
ретінде болады.
Осылайша моноцитопоэздың реттелуі позитивті кері 
байланыс аркылы жүзеге асады.
Кднда моноциттер кабырғалык және айналымдык деп бөлінеді. 
Олардың ара-катынасы ауысып отыруы мүмкін. Айналымдағы моно- 
циттер кан ағымында болғандықган, канды зерттеу максатында алған 
жағдайларда, олар зерттеу үлгілеріне түседі, ал кабырғалык моно- 
циттер тамырлардың эндотелиіне берік жабыскан және олар тамыр- 
лардан тіндерге карай трансэндотелиалды миграцияға дайын түрады. 
Моноциттердің каннан тіндерге карай жылжуы, моноциттер мен эн- 
дотелиалды жасушаларда арнайы адгезия молекулаларының болуымен 
түсіндіріледі. Кантамырынан шыккан моноцит кері қарай айналымға 
кайтып келу кабілеті жоқ, ал тіндерге карай миграция үдерісі үнемі 
жүреді және ол кабыну кезінде күшейеді, әрі бағытталған сипат алады.
Соңғы жылдары моноциттер популяциясының біркелкі еместігі 
туралы мәліметтер пайда болды. Мембранды фенотип және функцио- 
налды ерекшелігі бойынша моноциттердің екі негізгі субпопуляциясы 
ажыратылады: С 014++СЭ16~ және С 014+С 016+.
С014++СВ16~ субпопуляциясы кан моноциттерінін көпшілігін 
күрайды. Бүл жасушалардың фагоциттік және бактерицидтік белсен- 
ділігі жоғары, барлык кабынуалды цитокиндерін түзеді, ҒсүКІ және 
хемоаттрактанттарға, кабыну хемокиндеріне арналған рецептор- 
лар тығыздығы жоғары. Олардың бетінде (3-интегриндер жоғары 
мөлшерде 
экспрессияланған. 
Осындай 
рецепторлар 
жиынтығы 
аркасында моноциттердің бүл субпопуляциясы, бірінші кезекте 
кабыну ошактарының эмирациясы үшін кажет. Бүл аймактарда олар 
туа біткен иммунитеттің негізгі қорғаныс серпілістеріне (фагоңитоз,


142
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
жасушаішілік бактерицидтік жэне қабынуды дамыту) қатысатын
қабыну ошақтарының макрофагтарына айналады.
С014+СӘ16+
фенотиптегі моноциттер бетінде 
жоғары мөлшерде
11 
класс 
МНС 
нэруыздары 
мен 
костимулдаушы 
молекулалар
экспрессияланган.
Олар да фагоцитоз бен кабыну медиаторларын түзуге 
катысады, бірак бұл кызметтер С 014++С016 моноциттерге қарағанда 
әлсіздеу. Бірак 
С014*С016+
моноциттердін 
антигендерді таныстыру
қызметі тиімдірек
және олар ИЛ-1 мен ІҒІМ-а көп мөлшерде түзеді. 
Дәл осы жасушалар 
резидентті тіндік макрофагтардың ізашарлары
де- 
ген болжам бар.
Тіндік макрофагтардын екі түрі бар: 
резидентті
және 
қабынулық.
Резидентті макрофагтар С1)14+СІ)16+ моноңиттердің
каннан 
тіндерге карай 
қабынулық емес,
ягни 
гомеостаздық хемокиндердің
әсерінен болатын спонтанды миграциясы нәтижесінде үнемі түзіледі. 
Резидентті МФ үшін негізгі хемокинге 
фракталкин
(СХЗСЫ) жатады, 
оған арналған рецепторлар көп мөлшерде С 014+С 0 16+ моноциттерде 
экспресс ияланған.
Резидентті МФ гомеостаздық удерістерге қатысады: а.тасу, рет-
теу жэне репаративті.
Олар закымдалған, картайған және апоптозға 
ұшыраған жасушаларды утилизациялау аркылы кабыну мен не- 
кроз ошактарынын және жарақаттардың жазылуына ыкпал етеді. 
Резидентті тіндік МФ комплемент тәуелді лизис және эффекторлык 
Т-лимфоциттердің цитолиздік әсері нәтижесінде түзілетін иммун- 
ды кешендерді және ыдыраған жасушалык кұрылымдар өнімдерін де 
фагоцитозға ұшыратады. Сонымен катар, 
кэсіби антиген таныстыру-
шы жасуша
болып табылады.
Резидентті макрофагтарға 
альвеолярлы, плевралды, перитонеал-
ды макрофагтар, бауырдың Купфер жасушалары, дэнекер тінінің
гистиоциттері, остеокласттар, микроглия, буйректің мезингиалды
жасушалары, тимустың макрофагтары жэне шеткері лимфоидты
мушелердің резидентті МФ
жатады. Аталған жасушалардың бір-бірінен 
морфологиясы, беткей рецепторлары мен маркерлері, түзетін цитокин- 
дер жиынтығы және кызметтері бойынша біршама айырмашылыктары 
бар.
Тіндік резидентті макрофагтар узақ өмір суретін жасушаларта
жатады.
Олардың өмір сүру уақыты айлар мен жылдарға созылады. 
Егер жұкпа немесе кабыну ошағында мобилизациясы болмаса, олар 
көкбауырға немесе лимфа түйіндеріне барып жойылады. Альвеолярлы 
макрофагтар өкпеден мұрын жолдары арқылы шығады.


10-Тарау. Моноциттер/макрофагтар және дендрипі жасушалар, олардыңтуабіткен... 143
Резидентті макрофагтардын көгтшілігі дәнекер тінінде, шырыш- 
ты кабаттармен ассоциацияланған лимфа түйіндері мен лимфоидты 
тіндерде, сонын ішінде мұрын жолдарынын шырыштарында (өкпенін 
интерстициалды макрофагтары) кездеседі.
Альвеолярлык макрофагтар өкпенін иммундык гомеостазын үстап 
тұратын ең маңызды жасушалардын бірі болып есептеледі. Плевралды 
макрофагтар ерекше субпопуляцияны кұрайды, олар касиеттері бой- 
ынша перитонеалды макрофагтарға жакын.
Бауырдағы резидентті макрофагтар кұрамында эндогенді перокси- 
даза мен біріншілік лизосомды ферменттер бар жұлдызшалы Купфер 
жасушалары, олар фагоцитоз бен пиноцитоз кызметтерін аткарады. 
Бауырдың Купфер жасушалары мононуклеарлык фагоциттер жүйесінің 
барлык жасушаларынын 50% кұрайды. Олар тамырлар мен гепатоцит- 
тер арасындағы кеңістікте орналасады және кантамырынан бауырға 
түскен өнімдердің сүзілуіне катысады.
Орталык жүйке жүйесінде резидентті тіндік макрофагтардьщ негізгі 
кызметтерін (фагоцитоз, цитокиндерді өндіру, цитотоксикалык әсер, 
антигендерді таныстыру және т.б.) микроглия жасушалары мен астро- 
циттер аткарады.
Тимустағы резидентті макрофагтардың маңызды қызметтерінің 
бірі — тимустың кыртысты кабатында теріс сұрыпталу нәтижесінде 
жойылатын тимоциттерді жұту мен олардың утилизациясы.
Шеткері қан моноциттері тек тіндік макрофагтарға ғана емес,
сондай-ақ белгілі бір факторлардың қатысуымен дендритті жасуиіаларға
(ДЖ) дифференңациялана алады.
Мұндай факторлар кызметін ГМ-КСФ 
пен ИЛ-4 аткаратыны тәжірибеде дәлелденген. Аталған цитокиндердің 
әсерінен ДЖ мономорфты популяциясы тұзіледі, олар сипаттамасы 
бойынша шеткері тіндердің жетілмеген ДЖ ұксайды.
Макрофагтардың жетілуі, дифференцировкасы және белсенуі өсу 
факторларына (ИЛ-3, ГМ-КСФ, М-КСФ) және белсендіруші цито- 
киндерге (ІҒЫ-ү) тәуелді.
/Ғ/У-ү 
қызметтерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі
— 
резидентті
және қабыну макрофагтарының эффекторлық қызметін белсендіру.
Яғни, макрофагтардың жасушаішілік микробицидтік және цитоток- 
сикалык әсерлерін күшейту, олармен цитокиңдердің, супероксидтік 
және нитроксидтік радикалдардың, простогландиндердің өнімін жоға- 
рылату. ІҒ1Ч-ү әсерінен I және II класс МНС-антигендерінің экспрес- 
сиясы жоғарылайды, осыған байланысты антигендердің таныстырылу 
тиімділігі және олардың Т-лимфоциттермен танылуы жоғарылайды.


144
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
Қабыну тіндік макрофагтары
СО І4''С[316 моноциттерінен түзі- 
леді, олардың бетінде 
қабыну хемокиндеріне арналған көптеген рецеп-
торлар
бар, бірінші кезекте СӘ14++С016' моноциттерінің маркері бо- 
лып табылатын ССК.2 бар. Аталған маркер резидентті макрофагтарда 
кездеспейді, сондыктан ССК2 экспрессиясы бар моноциттер кабыну 
ошактарына миграцияланады.
Қабыну макрофагтары туа біткен иммунитеттің негізгі эффектор-
лық жасушаларының бірі,
себебі олар көптеген патогендердің фаго- 
цитозы мен жасушаішілік киллингін жүзеге асырады. Корғаныс кабы- 
нуалды цитокиндердін көпшілігін түзе отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет