С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет92/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
АНТИГЕНДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
Антигендердің екі негізгі түрлері бар: 
экзогендік және эндогендік
(аутологиялык). Экзогендік антигендер ағзаға сыртқы ортадан түседі.
Эндогендік антигендер деп әр түрлі себептерден туындаған өзіне 
карсы адаптивті иммундык жауапты калыптастыратын, өзіндік 
аутологиялык молекулалар 
(аутоантигендер)
немесе олардың күрделі 
кешендері болып танылады.
Ілкі және салдарлық аутоантигендер тобы деп бөлінеді.
Ілкі немесе шынайы аутоантигендер.
Ілкі шынайы аутоантиген- 
дер — ол эмбриогенез кезінде иммундық жүйенің калыптасу үдерісінде 
және ересек ағзада лимфоциттермен жанаспаған, гистогематикалык 
тосқауылдардың артында орналаскан ағзанын өзіндік калыпты 
тіндерінің антигендері. «Тоскауыл артындағы тіндерге» мыналар — 
ми тіндері, калканша маңы безі, аталық без, көз бұршағы және т.б. 
иммунологиялык тұрғыда айырықша тіндер жатады.
Бұл анатомиялык құрылымдардың ерекшелігі — оларда лим- 
фа дренажының болмауымен, гематотіндік (гематоэнцефалдык, 
гематоокулярлық, гематотестикулярлык) тоскауыл болуымен және 
аймактық сұйыктыктарда иммундык жүйе жасушалары бөлетін 
цитокиндердің шығаруын тежейтін заттардың болуына байланысты. 
Мысалы, алдынғы көз камерасын толтыратын сұйыктық кұрамында, 
көз кұрылымында түзілетін және Т-лимфоциттердің қорғаныс 
кызметін атқаруға кедергі жасайтын биологиялык белсенді зат-


194
III Бөлім. АдаптивтІ иммунитет
тар болады. Көздің торлы кабығынын субжасушалык кұрылымында 
Т-лимфоциттермен әрекеттескенде бағдарланған жасушанын жойы- 
лу (апоптоз) механизмдерін тудыратын арнайы компоненттер бар. 
Бұл үдерістер жиынтығы иммунитеттін тежелуін камтамасыз етеді 
де, көзді адаптивті иммундык жүйенін закымдану әсерінен сактайды. 
Гистогематикалык тоскауылға әр түрлі закымдаушы әсер еткенде анти- 
гендер «жаланаштанады» да, өздеріне карай антиденелердің синтезін 
және/немесе Т-жасушалык жауапты шакырады.
Гистогематикалык тоскауылдын бүтіндігі бұзылғанда 
(мыса- 
лы, жұкпалы аурулар, жаракаттану нәтижесінде) ілкіаутоантигенге 
карсы 
аутоиммундық удерістің
калыптасуына алып келетін адаптивті 
иммундык жауап басталуы мүмкін.
Аутоантигендер ретінде гистогематикалык тоскауылдың артында 
орналаспаған және де өзгермеген ағзанын өзіндік химиялык кұры- 
лымдары бола алады. Бұл жағдай антигенге табиғи иммунологиялык 
төзімділік бұзылғанда, мысалы, лимфоциттердің «тыйым салынған 
клоны», сонымен катар, супрессорлык механизмі бұзылғанда пайда 
бола алады. Нәтижесінде арнайы иммунологиялык серпілістер ба- 
сталып, ағзанын өзіндік ағзалары мен тіндері закымданады, себебі 
олардын кұрамында осы аутоантиген бар.
Патологиялық немесе салдарлық аутоанти гендер.
Ағзаның өзіндік 
жасуша компоненттері мен тіндері әр түрлі закымдаушы факторлар және 
жұкпалы агенттердін әсер етуі нәтижесінде аутоантигендерге айналуы 
мүмкін. Оларға мысалы, күйіктік, үсіктік, сәулелік антигендер жатады. 
Жылулык немесе химиялык денатурация кезінде пішіні өзгерген өзіндік 
нәруыздар ағзаға бөтентекті нәруыздар болып табылады. салдарлык 
аутоантигендер бактериялыкуыттар және вирусты нейраминидаза, со- 
нымен катар, кабыну аймағында рН ортасының өзгеруі және әр түрлі 
этиологиясы бар некроздар кезінде нәруыздык молекулалардын де- 
натурациясы нәтижесінде түзіледі. Салдарлык(патологиялык) ауто- 
антитендерге карсы ағзадан шығаруға бағытталған иммундық жауап 
жүреді, патологиялык үдерістің басылуына және закымдалған тіндердін 
қалыптасуына себебін тигізеді. Бірак, көптеген себептерге байланысты, 
әсіресе табиғи төзімділіктің бұзылуына әкелетін иммундык жүйенін 
кызметі бұзылған кезде салдарлык аутоантигендер аутоиммундык 
үдерісті тудыра алады. Бұл жағдайдың мысалы ретінде инфаркттан 
кейінгі миокардтты айтуға болады.
Адамның 
иммунды 
патологиясында 
сонымен 
қатар 
айқаса
әрекеттесетін және кешендік антигендер өте маңызды.


12-Тарау. Антигендер
195
Айқаса эрекеттесетін антигендер
немесе 
гетероантигендер
— әр-
түрлі түрлерге жататын, бірак кұрылымы бойынша жакын антигенді 
детерминанттардан тұратын антигендер.
Мұндай антигеннін мысалы ретінде 1911 ж. ашылған Форссман 
антигенін айтуға болады. 
Бүл антиген қойдың эритроциттерінде,
сальмонеллаларда және теңіз доңыздарының тіндерінде болады.
Бак- 
териялар мен вирустардың 
антигендік мимикрия
кұбылысы олардың 
иесінің антигеніне ұксас антиген вирустары мен микроағзалардын 
кейбір түрлерінде болуымен түсіндіріледі. Паразиттер үшін мұндай 
антигендердің корғанысты мәні бар, өйткені олар иесінін иммундык 
жүйесімен танылмайды және арнайы корғаныс серпілісін коздыр- 
майды. Ал иесі үшін 
мүндай антигендер,
баска әсерлерімен катар 
ауто-
иммундық аурудың себебі болуы мүмкін.
Осылайша, гемолизистік стрептококктар кұрамында адам ағзасының 
кейбір тіндерінін — миокард, синовиалдык кабыктың антигендерімен 
ортак айкаса әрекеттесетін антигендер (М-протеин) болады. Стреп- 
тококктык жұкпалар кезінде миокардтың тіндік элементтерімен, 
синовиалдык сұйыктык және шеміршек гликопротеиндерімен айқаса 
әрекеттесетін микробтык поликанттарға антиденелер түзіледі. Өз 
кезегінде ол ревматизмнің дамуына алып келеді. Біркатар стрепто- 
кокк штаммдарынын мембраналарында бүйрек шумактарының базал- 
ды мембраналарына жакын немесе ұксас айкаса әрекеттесетін анти- 
гендер болады. Стрептококктың ондай штаммдары аутоиммундык 
гломерулонефрит шакыруы мүмкін. Мерез коздырғышында адам мен 
жануарлардын жүрегінде кездесетін фосфолипидтер кұрылысына 
ұксас фосфолипидтер бар. Сондыктан да жануарлардын жүрегіндегі 
кардиолипидтік антигендерді ауру адамдарда спирохетаға карсы 
антиденені табу үшін колданады (Вассерман серпілісі).
Кешендік антигендердің
маңызды түріне интеграциялык антигендер 
жатады. Оларға жататындар: 
кешендік вирус өндіруші антигендер жэне
ісікерекшелік антигендер.
Кешендік вирусөндіруші антигендер.
Вирусөндіруші антигендер 
вирустык геномы мен нысана-жасуша геномынын интеграциясы сал- 
дарынан жасушалық мембранада пайда болады (экспрессиялайды). 
Осындай кешенді антигендер вируска карсы иммунитеттің негізін 
кұрайтын вирус жұккан жасушаларға карсы арнайы иммундык серпіліс 
шакырады.
Иесінің жасуша геномына 
онкогендердің
кірігуі салдарынан 
малигнизацияланған жасушаларда кешенді антигендердін мысалы


196
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
болатын ісікерекшелік антигендер пайда болады. Осы антигендерге 
карсы бағытталған адаптивті иммундык жауап ісікке карсы иммунитет 
дамуының негізінде жатыр.
Кешендік антигендердіңтағы да бір 
маңызды түріне экзогендік
гаптендердің
(дәрі-дәрмек, олардың метаболиттері, тұрмыстык, 
өнеркәсіптік және ауылшаруашылык өнімдері, тағамдык бояулар, 
консерванттар, тұрактандырғыштар және т.б.) 
агзаның өзінің тасымал-
даушы нәруыздарымен қосылу нәтижесінде паида болатын антигендер
жатады. Осындай кешендік антигендер ағзада бөтентекті гаптендерге 
карсы антиденелер түзілісін шакыра алады, бұл жағдай аллергиялық 
серпілістің (аллергияның тағамдык, дәрілік және т.б. түрлері) пайда 
болуына, ал кей кезде аутоиммундык үдерістердін (бауыр циррозына 
ауысатын токсикалык гепатит) өршуіне әкеле алады.
Кешенді антйгендердің негізгі түрлеріне 
«өзінікі»
мен 
«бөгденікі»
үйлесімі тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет