Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 8



бет15/145
Дата07.02.2022
өлшемі17,88 Mb.
#87220
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   145
Байланысты:
8 сынып адебиетКмж (1)

Бағалау критерийі:

  • Эпизодтарды салыстыра талдайды.

  • Кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме бере алады.



Мағынаны тану

Баят бойында Қорқыт ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарының бәрі тұп – тура келіп отырған әулиенің көңіліне тәңірім нұр құйған ғой...


Ол алдымен оғыз қауымның мүшкіл қалін айтқан. Нендей іс болса да, әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт атаның сөзінхалық ақыр соңына дейін ұйып тыңдаған.
Қорқыт ата сөйлейді:

  • Алла, Алла демейінше іс түзелмес, Тәңірі бермейінше ер байымас. Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкімде өлмес.Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр,көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас, ол ішіп жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас. Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас. Жапалақ – жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс біз болмас. Ежелгі дұшпан дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Ер малын қимайынша, аты шықпас.

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес. Ұл – атаның ері, екі көзінің бірі. Дәулетті ұлың болса, ошығыңның қоры болар. Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.
Қорқыт ата тағы да сөйлейді, тыңдап көрелік, не дер екен.

  • Мықты жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне білмес, ол мінгенше, мінбесе игі... қонақ келмеген үйдің құлағаны артық. Ат жемейтін ащы шөп біткенше, бітпегені игі. Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша, ақпағаны игі. Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі. Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі.

Қорқыт ата тағы сөйлейді, тыңдап көрелік не айтар екен:

  • Жердің соңы шөбін киік білер. Жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер. Айырым – айырым жол сүрлеуін түйе білер. Жер бұлақтың хош иісін түлкі білер. Түндн керуен көшкенін қараторғай білер. Ердің батқанын ат білер. Ауыр жүктің салмағын тұлпар білер. Қаперімде бастың ауырғанын ми білер. Қыл қобызын арқалап, елден елге, бектен бекке жырау кезер...

Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті. Самай шашы ағарған баба көрікті. Ақ ссүтіне тойғыза – тойғыза емізген ана көрікті. Жанашыр ағайын туған көрікті. Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті. өнегелі баба көрікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет