Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 8



бет70/145
Дата07.02.2022
өлшемі17,88 Mb.
#87220
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   145
Байланысты:
8 сынып адебиетКмж (1)

Ұйымдастырушылық кезеңі
1.Сәлемдесу
2.Түгелдеу
Ынтымақтастық атмосферасын құру“Мен...” тренингі(әркім өзінің жақсы жағынан кім екенін айтады.Мысалы:мен-анамын,өйткені4 ұлым бар;Мен-ұстазбын,өйткені мені жақсы көретін шәкірттерім бар т.б.)
Топқа бөлу
1.“Жыраулар” тобы
2.“Жыршылар”тобы
3. “Билер” тобы
Мұрат Мөңкеұлының дастан – толғауларының қазіргі дәуір үшін маңызы қандай?. Ой – толғаныс. 

«Шаттық» шеңбері

Кеспе қағаздар

Ортасы
25мин.



Миға шабуыл
Жалпылама сұрақ: бес арысты атаңдаршы (оқушылар атап өтед, тақтаға жазады)
Бүгін бес арыстың бірі , Абайдың інісі – Шәкәрім туралы сабақ өткізгелі отырмыз.
Шәкәрім мұрасының қомақты саласы –поэмалары. Ақынның «Еңлік –Кебек» (1891), «Қалқаман-Мамыр» (1888) дастандары қазақ елінің тұрмыс , тарихынан жазылған. «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны нәзира дәстүрі негізінде,шығыс аңызы желісімен шығарылған. «Еңлік –Кебек» , «Қалқаман-Мамыр» дастандары -сүйіспеншілікті, адал махаббатты,таза сезімді жыр еткен шығармалар. Ел аузындағы махаббат аңыздарын ақын суреткерлік шеберлікпен жырлап, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтереді.
Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақтың білім нәрін сусындатып келеді.
Әр топқа дастанды бөліп, оқып, «Хикая картасын» толтыруға уақыт беремін. «Джигсо» әдісімен әр топ спикерлері бір –бірлеріне әңгімелеп береді. Сөйтіп дастанды толық түсініп, әрі қарай талдау жұмыстарына кіріседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет