Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 8



бет63/145
Дата07.02.2022
өлшемі17,88 Mb.
#87220
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   145
Байланысты:
8 сынып адебиетКмж (1)

Мағынаны тану
«Жұптас, бөліс, топтастыр» әдісі
«Мән мағына» оқыта үйрету ойыны
Оқулық мәтінімен жұмыс. Мән мағына оқыта үйрету ойыны арқылы оқулықтағы «Үш қиян», «Сарыарқа», поэмасы мазмұнын өздері мұқият оқып шығып, негізгі деп санайтын жолдарды тауып, ойды бір сөйлеммен жеткізуді тапсырады.
Осылайша өзіндік бағыт ұстанған зерттеуші Мұрат ақынның өлең, толғауларына, атап айтсақ, “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қарасай-Қази” поэмалары мен “Байұлы Байбақты Ғұмар Қазыұлына Мұрат ақынның айтқаны” секілді өлеңдеріне, әр кездегі айтыстарына тоқталады. Мұрат ақынның шығармаларын Ысқақ Дүйсенбаев тұңғыш рет жүйелеп, үш салаға бөліп қарастырады. Біріншісі — ақынның өлеңдері мен толғаулары, екіншісі — дастандары (“Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қарасай-Қази”), үшіншісі — ақынның айтыстары. Біз де зерттеушінің ізімен жүруді жөн көрдік. Өлең, жырлары онша көп емес, бар болғаны 15 шақты ғана жыр, соған қарағанда, қысқа өлеңдері бізге түгел жете қоймаған тәрізді. Ақын Қаражанға, Есентемір, Тұрабай, Есенғалиға арнаған өлеңдерінде (Қазиға, Бегалыға арнауларында) оларды жер-көкке сыйғызбай мақтаса, қалған өлеңдерінде болыстықпен кеудесіне нан піскендерді сын садағына алады,- дей келе, зерттеуші бұған Қашқыншы Қаражан Құлбас баласын мақташы дегенде айтқан ақын сынын айқын дәлелге келтіреді. Мұрат тек Құлбас баласы Қаражанды ғана емес, болыс болып елді жеген, ел-жұртқа сонысымен ылаң салған кісілерді аяусыз сынап, кесірлі-кесапат мінезділерді тезге салып жөндеуді көздейді.
Ақынның әлеуметтік өмір туралы, сондағы адамдар қарым-қатынасы, өткен даналар мен бүгінгі жастардың бірлік-байланысы, әсіресе, ер жігіттің халық алдындағы міндет-борышы мен ең ақыры, ақындық өнер жайындағы ой-толғаныстары да аса елеулі.


Сөздік жұмысы. Шығарма мәтініндегі көнерген, түсінбеген сөздерді теріп, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен мағынасын тауып жазады.
Қыраж – алым-салық
Күдер – бел, төбе, өрлі жер
Орашолақ – еш нәрсеге ыңғайы жоқ, епсіз
толарсақ — асық жіліктің тобықпен түйіскен жеріндегі қисық сүйек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет