Пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет1/10
Дата25.08.2017
өлшемі8,68 Mb.
#26631
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ОӘКҚ 042-14.4.01.20.52/03-2012



ПОӘК

«» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар.



18.09.2010 ж. басылым орынына

№ 2 басылым

01.09.2012ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


5В080100 «Агрономия»

мамандығына арналған

«ЕГІНШІЛІК» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ –2011

МАЗМҰНЫ




  1. Дәрістер

  2. Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

  3. Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі.


1 Глоссарий
1.1 өсімдіктер карантині-елімізге тарап кету қаупі бар зиянды организмдерді болдырмау таралған жағдайда оқшаулау жою және анықтау туралы мемелекеттік шара ;

1.2 ішкі карантин- еліміздің территориясында карантиндік шаралар жүйесі ;

1.3 карантиндік тексеру- карантиндік және аса қауіпті организмдерді тексеру және зертханалық саратамадан өткізу арқылы зиянды организмдердің түр құрамын анықтау ;

1.4 карантин зертханасы- карантиндік және аса қауіпті зиянкестерді анықтауға арналған сараптау орыны;

1.5 карантин аймағы- карантиндік зиянды организмдер анықталған аймақ ;

1.6 карантиндік оқшаулау- карантиндік зиянды организмдер анықталған жағдайда карантин жарияланып оқшаулау шаралар ;

1.7 карантинді нысан- өсімдік тектес тауарлардан және ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдары көшеттер т.б заттар тасымалдаушы болған себепті арнаулы тізіммен бекітілген заттар;

1.8 карантиндік шара- карантиндік организмдер анықталған жағдайда қолданылатын карантиндік шаралар жүйесі ;



ДӘРІС 1.

Кіріспе.

Егіншілік ғылыми негіздері. Өсімдік тіршілігінің факторлары

1.Өсімдіктердің тіршілік факторлары

2.Фотосинтез және өсімдік өнімділігі

Жер бетінің өсімдіктермен жасыл желең жамылмаған көлемі онша көп емес, полюс шеңберінің аржағынан бастап шөл даланың аптапты құмдарына дейін өсімдіктер кездеседі. Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы орасан зор.

Жер бедеріне, ауа райына, жыл маусымындағы жылу, ылғалға байланысты белгілі бір аймақта тарай өскен өсімдіктер арктика шөлі, тундра, қоңыржай аймақ орманы (қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты), орманды дала, далалық, шөлейт, шөл өсімдіктері алқабы деп бөлінеді. Таулы аймақтарда өсімдік алқабы биіктік белдеуге байланысты таралады. Әрбір алқапта өзіне тән өсімдік түрлері өседі.

Өсімдіктер өздерінің өсіп- өну қажетті талаптарын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларына бейімденеді.

Өсімдіктер тіршілігін дамытуға күн қуатын толығырақ пайдалану керек. Бұл үшін олар өздері өсіп тұрған танаптан бірнеше есе артық көлемде жапырақ жаяды.т1 гектар егіске өскен көптеген дақылдардың жайған жапырақтарының жалпы көлемі 3-5 гектар келеді. Сол дақылдардың тамырлары топырақ қабатына терең бойлаумен қатар жан – жаына кеңінен жайылады. Егер сол жайылған тамыр тармақтардың бәрін қосып өлшесек, олардың жалпы ұзындығы жүздеген метрге жетеді. Бұған қосымша қорек сіңіретін сыртқы тамыр түктерін қоссақ, мұның өзі одан да бетер ұзара түседі. Өсімдіктер қоршаған ортадан кез- келген элеметтерді пайдаланбай, тек қоректік заттарды ғана таңдап алады да,белгілі бір қатынастарға белсене кіріседі. Дақылдардың өсіп дамуына қажетті сыртқы факторлар - жарық, жылу, су, ауа, қоректік заттар тиісті мөлшерде қолайлы кезеңде қамтамасыз етілсе, онда олардың өнімі де жоғары әрі сапалы болады.

Фотосинтез және өсімдіктің өнімділігі. Жоғарғы сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың фотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуін фотосинтез дейміз.

Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд тоннадан астам органикалық заттар түзеді. Мұны жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері береді және бұл кезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, қоршаған ортаға 145 млрд-тай бос оттегін бөледі.

Хлорофилдің сіңірген энергиясы бірқатар аралық акцепторлар арқылы су мен көмірқышқыл газына жеткізіледі, осының нәтижесінде инертті болып саналатын бұл заттар күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып әрекет жасайды.

Фотосинтез теңдеуі:

6СО2+ 6Н2О=QС6Н12О6+6О2

Бұл теңдеу СО2 және Н2О сияқты жай минералдық заттардан күн сәулесінің энергия есебінен органикалық заттар-углевоттар түзілетінің көрсетеді.

Күн сәулесінің орасан мол болуына қарамастан табиғатта фотосинтез көбінесе жарық фактормен жектеледі. Бұл өсімдіктердің өзін-өзі көлеңкелеуіне байланысты болатын құбылыс. Сонымен фотосинтез процесіне энергияның аз пайдалануы бірқатар себептерге байланысты:

-фотосинтез процесіне белсенділігі жоқ радиацияны шағыластыру жіне өткізу, өсімдіктердің өзін-өзі көлеңкелеуі жапырақ аумағының жеткіліксіздігі.

Фотостнтез процесі негізінен жапырақтарда өтетіндіктен, құрғақ заттың тәуліктік өсімі өсімдіктер жапырақтарының аумағымен анықталады. Жпаырақ аумағының жалпы жиынтығы қаншама үлкен болса, олар органикалық заттарды соншама көп түзе алады. Белгілі бір аралығындағы фотосинтездің таза өнімділігі өсімдіктің құрғақ массасын жапырақтардың орташа аумағына бөлу жолымен агықтайды:

Ф.тө=(С2-С1)/(1/2(Ж1-Ж2))

Мұндағы С1 және С2- вегетациялық кезеңнің басындағы және соғындағы түсімнің салмағы. Ж1 және Ж2- осы кезеңнің басындағы және соғындағы күн ішіндегі жапырақтардың ауданы. Негізінен түсімге жапырақтардың аумағы әсер етеді. Қоректену жағдайларын жақсартқанда өсімдіктер ең алдымен жапырақ көлемін арттырады. Астық тұқымдас өсімдіктер мен картоп жапырағы аумағының тиімді мөлшері әр гектар 40-50мың шаршы метр болатынын жүргізілген бақылаулар көрсетті.

Ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып егіншіліктің жоғары мәдениеті деген ұғымды іс жүзіне асыруда мынандай заңдылықты атап кеткен ләзім. Яғни негізгі 5 заңдылық.

1.Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы. Топырақ құнарлығының қалыптасуы оның біртіндеп арта беретіні , ондағы жәндіктер тіршілігі барған сайын ұлғая беретіні және күн сәулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы, ал содан соң бұларды өзі менкендегенаймаққа шоғырландыру, жәндіктер тіршілігінің жетекшілігінен топырақтың құрылуы-осы заңға жүгінеді.

Ааймақтың климаты, жылуы, су тәртіптері қолайлы өсімдіктердің топырақ қыртысының үстіңгі қабаттарында микрофлоралар мен жануарлар тіршілігінің дамуына жақсы жағдайлар жасалатыны белгілі. Мұның өзі топырақ құрылуын жеделдетеді, оның құнарлылығын арттыруды тездетуге ықпал етеді. Мұндай аймақтарда топырақтың өнімділігі, оның биологиялық қуаты арта түседі. Мәселен, тоңды және шөлді аймақтардың топырағы табиғи тұрғыданөнімділігі өте кедей болып келеді.

2. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару заңының талабы бойынша-ысырап болу, егінмен бірге кету немесе басқа да себептер салдарынан топырақтың сіңімді қоректік заттарының тепе-теңтігі бұзылған жағдайда, тиісті тыңайтқыштар еңгізу жолымен, яғни басқада агротехникалық әдістермен сол тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет. Соның өзінде топырақ іпетті екенін және ондағы микробиологиялық жұмыстар дұрыс реттелсе өсімдіктердің нәр алуына қиын болып келген заттардың бір бөлігі сіңімді күйге ауысатынын ескерген жөн.

Заңдарды қайтару заңының бұзылуы топырақтың қунарлылығының жойылып кетуіне соқтырады.

3. Минимум, оптимум және максимум заңы. Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егінажайдағы өсімдіктердің өсуінің минимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатыны белгілі. Егер топырақтағы сіңімді азот 1 гектардан 10 центнер мөлшерінде астық алуға ғана жететін болса, ал фосфордың калийдің және басқа қоректік заттардың қоры 30 центінер, одан да көп түсім алуға жететін болса, бәрібір өнім 10 центінердің маңайында ғана алынады, өйткені, өнімнің мөлшерін ондаған минимум элемент айқындайды. Егер топырақта қоректік заттар жеткілікті болып, бірак су тапшы болса, онда алынатын өнімнің мөлшерін ылғал белгілейді.

Факторлардың- ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың, жарықтың шамадан тыс көп болуы да, жетіспей кем болуы да өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді.

Өсімдіктің тіршілігіне минималды- қолайсыз және оптималды-ең қолайлы жағдайлармен қатар максимальды жағдайда болады. Мұндайда көбінесе өсімдіктерге жайсыз жағдай болғаны.

Егер барлық тіршілік факторларды қолайлы мезгілде, әрі тиісті мөлшерде бар болса, онда өсімдіктің өнімі мол болады.

4. Өсімдіктердің өз ортасына сәкес келуі және дақылдарды уақыт пен кеңістік бойыншаа дұрыс ауыстыру, дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы.

Тек жекелеген организм ғана өзінің өсіп-өнетін орнымен тығыз байланысты болып қоймайтын, сондай-ақ тұтас алғанда бүкіл өсімддік жасыл жебесі өзін қоршаған ортамен тығыз бірлікте өзара әрекеттес болады. Өсімдік қауымын қурайтын өсімдіктердің түр-түрі тек оқшау-оқшу топ құрып немесе одан бетер жеке-жеке көршілес болып тәуелсіз өсіп қана қоймайды, олар өздері қоректенетін алаң, ылғал, жарық және тіршілікке қажетті басқа факторлар үшін күресуде өзара олардың бір-бірімен тығыз қатынасы да болады. Екіншіден өсімдіктерді қолдан іріктеуде осы фитоценозға жататын өсімдік түрлерінің өздері мекендеген ортадағы жағдайлардың бүкіл (комплекске) кешеніне бейімделуін көздейді.

Бір түрге жататын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларда бірдей мезгілдеқажетсінетін өсімдік түрлері арасында бәсекелестік күшті болады. Ал, мәселен, қоректік заттар мен ылғалды топырақтың қабаттарынан алатын күн сәулесін әр мөлшерде қажет ететін, басқа қоректерін де әр түрлі мерзімді пайдаланатын өсімдіктер арасында бәсекелестік байқалмайды, немесе бұл құбылыс оларда едәуір аз болады. Сондықтан өсімдік қауымдарында тамыр жүйелері топырақтың әр түрлі қабаттарын кеулейтін өсімдіктер кездесетіні жәйден-жәй емес. Өсімдіктің бір түрінің тамыры негізінен үстіңгі қабатты жайласа, басқаларының тамырлары одан едәуір тереңге бойлайды да, тайыздағы тамырларға кедергі келтірмейді.

5. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы факторларының бірлескен әрекеттерінің нәтйжесі деп аталатын бесінші заң аталмыш төрт заңның логикалық үйлесімі болып табылады.

Өсімдік тіршілігінің жекелеген факторлары өз алдына оқшау емес, қайта бір-бірімен өзара тығыз байланыста әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды, өйткенібұл факторлардың бәрі бірдей. Өсімдік өсіп дамуының қандай кезеңінде болсада жалпы бүкіл факторлар кешенінің (коплексінің) ықпалында болады. Вегетациялық ыдыстарда және егінжайындажүргізілген нақты тәжірибелер, сондай- ақ егіншіліктің көп жылғы мәліметтері мынаны дәлелдейді : өсімдіктер тіршілігінің факторлары тек бірлесіп әрекет еткенде ғана барынша әсерлі болады. Егінжайдағы осы факторлардың бірінің өсімдікке ықпалын өзгертсе, басқа торларда өнімді пайдаланудың мүмкіндігі мен жағдайы сөзсіз бұзылады.

«Факторлардың бірлескен әрекеті заңнан шығатын негізгі қорытынды мынадай,-деп жазады В.Д. Паников,-тіпті ол қаншалықты күшті болса да жеке- дара агрономиялық тәсілмен егіншілікті ең жоғары тиімділікті қамтамасыз ете алмайсың, мұндай тиімділікке тек агротехникалық шаралардың комплексін қолданып жетесің».

Бұл заңның әсерін ескермей тұрақты табысқа жетуге болмайтынын әрбір маман терең түсінуге тиіс.

Егіншіліктің бұл бес заңынан басқа да заңдар бар, мысалы органикалық заттарды синтездеу жәнебұзу заңы, жасыл өсімдіктердің автотровтығы жөніндегі заң, бұған фотосинтез теориясы да кіреді.

Егіншілік саласында ғылымның маңызды міндеттері: еліміздің барлық аймақтарында топырақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін арттырудың теориясы мен практкалық шараларын одан әрі таңдау, қуаңшылықпен, эрозиямен және топырақ сортаңыен күрес жөніндегі зерттеулерді күшейту; ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруды агроклиматтық тұрғыдан негіздеу; интенсивті егіншілік жағдайында егіс алқаптары мен ауыспалы егістердің тиімді құрылымын белгілеу; мәдени дақылдардың мол өнімді, ауруларға және зиянды жәндіктерге төзімді сорттарын шығару болып табылады.



ДӘРІС 3,4

Егіншілік және өсімдік шаруашылығының негізгі заңдары.

Жоспар:


1. Егіншіліктің теориялық негізі.

2. Негізгі заңдылықтары

Егіншілік біріншіден, халыққатағам, малға азық, өнеркәсіпке шикізат ретінде қажет өсімдіктерді өсіретін ауыл шаруашылығының бір саласы; екіншіден,ауыл шаруашылығының өнімдерін өсіру,күту, өнімін арттыру, жерді тиімді пайдалану және оның құнарлылығын арттыруды зерттейтін ғылымның саласы. Егіншілік ғылымының дамуына байланысты бұдан агрохимия, агрофизика, селекция, сорт, тұқым туралы ғылым, фитопатология, ауыл шаруашылығы энто мологиясы, суландыру, ауыл шаруашылық құралдары мен машиналары туралы ғылымдар бөлініп шықты. Егіншілік ғылымы бұлармен тығыз байланыста.

Егіншіліктің теориялық негізі-топырақтану, өсімдік физиологиясы, микробиология, метеорология, физика, химия, сондай-ақ кибернетика, радиоэлектроника, механика, басқада ғылымдар.

Ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып егіншіліктің жоғары мәдениеті деген ұғымды іс жүзіне асыруда мынандай заңдылықты атап кеткен ләзім. Яғни негізгі 5 заңдылық.

1.Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы. Топырақ құнарлығының қалыптасуы оның біртіндеп арта беретіні , ондағы жәндіктер тіршілігі барған сайын ұлғая беретіні және күн сәулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы, ал содан соң бұларды өзі менкендегенаймаққа шоғырландыру, жәндіктер тіршілігінің жетекшілігінен топырақтың құрылуы-осы заңға жүгінеді.

Ааймақтың климаты, жылуы, су тәртіптері қолайлы өсімдіктердің топырақ қыртысының үстіңгі қабаттарында микрофлоралар мен жануарлар тіршілігінің дамуына жақсы жағдайлар жасалатыны белгілі. Мұның өзі топырақ құрылуын жеделдетеді, оның құнарлылығын арттыруды тездетуге ықпал етеді. Мұндай аймақтарда топырақтың өнімділігі, оның биологиялық қуаты арта түседі. Мәселен, тоңды және шөлді аймақтардың топырағы табиғи тұрғыданөнімділігі өте кедей болып келеді.

2. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару заңының талабы бойынша-ысырап болу, егінмен бірге кету немесе басқа да себептер салдарынан топырақтың сіңімді қоректік заттарының тепе-теңтігі бұзылған жағдайда, тиісті тыңайтқыштар еңгізу жолымен, яғни басқада агротехникалық әдістермен сол тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет. Соның өзінде топырақ іпетті екенін және ондағы микробиологиялық жұмыстар дұрыс реттелсе өсімдіктердің нәр алуына қиын болып келген заттардың бір бөлігі сіңімді күйге ауысатынын ескерген жөн.

Заңдарды қайтару заңының бұзылуы топырақтың қунарлылығының жойылып кетуіне соқтырады.

3. Минимум, оптимум және максимум заңы. Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егінажайдағы өсімдіктердің өсуінің минимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатыны белгілі. Егер топырақтағы сіңімді азот 1 гектардан 10 центнер мөлшерінде астық алуға ғана жететін болса, ал фосфордың калийдің және басқа қоректік заттардың қоры 30 центінер, одан да көп түсім алуға жететін болса, бәрібір өнім 10 центінердің маңайында ғана алынады, өйткені, өнімнің мөлшерін ондаған минимум элемент айқындайды. Егер топырақта қоректік заттар жеткілікті болып, бірак су тапшы болса, онда алынатын өнімнің мөлшерін ылғал белгілейді.

Факторлардың- ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың, жарықтың шамадан тыс көп болуы да, жетіспей кем болуы да өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді.

Өсімдіктің тіршілігіне минималды- қолайсыз және оптималды-ең қолайлы жағдайлармен қатар максимальды жағдайда болады. Мұндайда көбінесе өсімдіктерге жайсыз жағдай болғаны.

Егер барлық тіршілік факторларды қолайлы мезгілде, әрі тиісті мөлшерде бар болса, онда өсімдіктің өнімі мол болады.

4. Өсімдіктердің өз ортасына сәкес келуі және дақылдарды уақыт пен кеңістік бойыншаа дұрыс ауыстыру, дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы.

Тек жекелеген организм ғана өзінің өсіп-өнетін орнымен тығыз байланысты болып қоймайтын, сондай-ақ тұтас алғанда бүкіл өсімддік жасыл жебесі өзін қоршаған ортамен тығыз бірлікте өзара әрекеттес болады. Өсімдік қауымын қурайтын өсімдіктердің түр-түрі тек оқшау-оқшу топ құрып немесе одан бетер жеке-жеке көршілес болып тәуелсіз өсіп қана қоймайды, олар өздері қоректенетін алаң, ылғал, жарық және тіршілікке қажетті басқа факторлар үшін күресуде өзара олардың бір-бірімен тығыз қатынасы да болады. Екіншіден өсімдіктерді қолдан іріктеуде осы фитоценозға жататын өсімдік түрлерінің өздері мекендеген ортадағы жағдайлардың бүкіл (комплекске) кешеніне бейімделуін көздейді.

Бір түрге жататын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларда бірдей мезгілдеқажетсінетін өсімдік түрлері арасында бәсекелестік күшті болады. Ал, мәселен, қоректік заттар мен ылғалды топырақтың қабаттарынан алатын күн сәулесін әр мөлшерде қажет ететін, басқа қоректерін де әр түрлі мерзімді пайдаланатын өсімдіктер арасында бәсекелестік байқалмайды, немесе бұл құбылыс оларда едәуір аз болады. Сондықтан өсімдік қауымдарында тамыр жүйелері топырақтың әр түрлі қабаттарын кеулейтін өсімдіктер кездесетіні жәйден-жәй емес. Өсімдіктің бір түрінің тамыры негізінен үстіңгі қабатты жайласа, басқаларының тамырлары одан едәуір тереңге бойлайды да, тайыздағы тамырларға кедергі келтірмейді.

5. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы факторларының бірлескен әрекеттерінің нәтйжесі деп аталатын бесінші заң аталмыш төрт заңның логикалық үйлесімі болып табылады.

Өсімдік тіршілігінің жекелеген факторлары өз алдына оқшау емес, қайта бір-бірімен өзара тығыз байланыста әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды, өйткенібұл факторлардың бәрі бірдей. Өсімдік өсіп дамуының қандай кезеңінде болсада жалпы бүкіл факторлар кешенінің (коплексінің) ықпалында болады. Вегетациялық ыдыстарда және егінжайындажүргізілген нақты тәжірибелер, сондай- ақ егіншіліктің көп жылғы мәліметтері мынаны дәлелдейді : өсімдіктер тіршілігінің факторлары тек бірлесіп әрекет еткенде ғана барынша әсерлі болады. Егінжайдағы осы факторлардың бірінің өсімдікке ықпалын өзгертсе, басқа торларда өнімді пайдаланудың мүмкіндігі мен жағдайы сөзсіз бұзылады.

«Факторлардың бірлескен әрекеті заңнан шығатын негізгі қорытынды мынадай,-деп жазады В.Д. Паников,-тіпті ол қаншалықты күшті болса да жеке- дара агрономиялық тәсілмен егіншілікті ең жоғары тиімділікті қамтамасыз ете алмайсың, мұндай тиімділікке тек агротехникалық шаралардың комплексін қолданып жетесің».

Бұл заңның әсерін ескермей тұрақты табысқа жетуге болмайтынын әрбір маман терең түсінуге тиіс.

Егіншіліктің бұл бес заңынан басқа да заңдар бар, мысалы органикалық заттарды синтездеу жәнебұзу заңы, жасыл өсімдіктердің автотровтығы жөніндегі заң, бұған фотосинтез теориясы да кіреді.

Егіншілік саласында ғылымның маңызды міндеттері: еліміздің барлық аймақтарында топырақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін арттырудың теориясы мен практкалық шараларын одан әрі таңдау, қуаңшылықпен, эрозиямен және топырақ сортаңыен күрес жөніндегі зерттеулерді күшейту; ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруды агроклиматтық тұрғыдан негіздеу; интенсивті егіншілік жағдайында егіс алқаптары мен ауыспалы егістердің тиімді құрылымын белгілеу; мәдени дақылдардың мол өнімді, ауруларға және зиянды жәндіктерге төзімді сорттарын шығару болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауыл шаруашылық дақылдардың су сіңіруінқандай көрсеткіштер арқылы бағалайды?

2. Топырақтағы және атмосферадағы ауның құрамы қандай?

3. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жылуға талабы қандай?

4. Максимум, минимум, оптимум заңдары нені түсіндіреді?

5. Өсімдік тіршілігінің өзара шартты жиынтық заңы мен өз алдына оқшауланбаған факторлары заңының мәні неде?

Қолданылған әдебиет:

Өсімдік шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы. Қ. Жаңабайев, Т. Саудаабайев, И. Сейтов. Алматы «Қайнар» 1994 жыл.



ДӘРІС 9,10.

Арам шөптерді жіктеу (классификациялау)

1.Арамшөптердің жалпы жіктелуі

2.Аз жылдық арамшөптер

3.Көп жылдық арамшөптер

4.Арамшөптермен күресу шаралары

1.Біздің республикамызда 300-гежуық түрі бар.Бұлардың ішінде 120 түрлі паразиттік арамшөп,оның ішінде 36 түрлі арам сояуды,80 түрлі сұңғыланы кездестіруге болады.Сонымен қатар,220түрлі жартылай паразитті арамшөптер өседі.Арамшөптер осындай көп болғандықтан оларды жіктеу қажет.

Жіктеу негізіне мыналар алынған:

1.Өсімдіктердің қоректену әдісі

2.Өмір сүру ұзақтығы

3.Көбею тәсілі

Қоректену жағынан алғанда барлық арамшөптер үш топқа бөлінеді.

1.Паразиттік арамшөптер

2.Жартылай паразиті арамшөптер

3.паразитті емес немесе жасыл арамшөптер

Паразиттік емес арамшөптер вегетациялық ұзақтығына қарай екі топқа бөлінеді:

1.Аз жылдық арамшөптер

2.көп жылдық арамшөптер.

2.Аз жылдық арамшөптер дегеніміз – екі жылдан артық өмір сүрмейтін,соның ішінде бір-ақ рет тұқым беретін өсімдіктер.Олар тұқым арқылы көбейеді.

Аз жылдық арамшөптер вегетациялық ұзақтығына байланысты бес топқа бөлінеді:

1.Эфемерлер

2.Жаздық арамшөптер

3.Қыстап қалатын арамшөптер

4.Күздік арамшөптер

5.Екі жылдық арамшөптер.

Эфемерлер – вегетациялық мерзімі өте қысқа арам шөптер.олардың өсу мерзімінің ұзақтығы 45 – 60 күннен аспайды және бір маусым аралығында бірнеше тұқым бере алады.Бұлардың өкілі ретінде жұлдызшөпті атауға болады.

Жаздық арам шөптер деп ерте көктемде шығып күзге қарай өзінің вегетациясын аяқтайтын өсімдіктерді айтамыз.Олар көктеп шығу мерзіміне байланысты ерте және кеш шығатын арам шөптер болып екіге бөлінеді.

Ерте шығатын жаздық арам шөптер ерте көктемде пайда болып,егін жиналғанға дейін немесе мәдени өсімдіктермен бір мезгілде пісіп жетіледі.Бұларға қар сұлы,алабота ,жусан жапырақты ойран шөп тағы басқалары жатады.

Кеш шығатын жаздық арам шөптер топырақ әбден қазған кезде пайда болып,мәдени өсімдіктерден кеш пысып жетіледі.Олардың негізгі өкілдері:кәдімгі гүлтәжі,арам кенешөп,мысық құйрық,итқонақ және басқалары.

Қыстап қалатын арам шөптердің екі түрлі ерекше қасиеті бар.Егер ерте көктемде көктеп шықса,онда олар жаздық арам шөптер сияқты вегетациялын сол жылы аяқтайды.Ал егер олар кеш көктеп шықса,бұл ретте арам шөптер қыстап қалады да,келер жылы вегетациясын ерте аяқтайды.Қыстап қалатын арам шөптерге:ярутка,жұмыршақ және басқалар жатады.

Күздік арам шөптердің қыстап қалатын арам шөптерден айырмашылығы олардың өздерінің дамуы үшін қысқа маусымның төменгі температурасын қажет етеді.Өзінің көктеп шыққан мезгіліне қарамастан сабағын,гүлін,жемістерін тек келер жылы береді.Күздік арам шөптерге:күздік бидай арпабасы жатады.

Өзнің вегетациялық толық циклын екі жылдың ішінде аяқтайтын өсімдіктер екі жылдық арамшөптер деп аталады.

Көп жылдық арам шөптер дегеніміз – бірнеше жыл өсіп,соның ішінде бірнеше рет дән түйіп,ұрпақ беретін өсімдіктер.Олардың тұқымынан да,вегетативтік мүшелері арқылы да көбейеді.

Көп жылдық арам шөптерді тамыр жүйесіне қарай мына топтарға бөлуге болады:кіндік тамырлы,шашақ тамырлы,бадана және түйнек тамырлы,өрмелегіш тамырлы,тамыр сабақты,атпа тамырлы.

Кіндік тамырлы арам шөптер тұқымынан және аздап вегетативті жолмен көбейеді.Бұлар бау бақшада,егістіктерде,тыңайған жерлерде,парктерде және басқада жерлерде кең тараған.Арам шөптер қатарына кәдімгі жусан,дәрілік бақ- бақ,кәдімгі цикорий,күміс қазтабан және т.б жатады.

Шашақ тамырлы арам шөптер.Олардың тамыр жүйесі шашақталған жіп тәрізді,әрі күшті дамыған.Көбінесе тұқымнан өседі.Бұл топқа үлкен бақа жапырақ,күйдіргі сарғалдақ,алисма сияқты басқада өсімдіктер кіреді.

Бадана және түйнек тамырлы арам шөптер.Бұлар негізіне вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді.Бадана тамырлы арам шөптер баданалары арқылы,ал түйнек тамырлары жер астындағы жуан сабақтарының көмегімен көбейеді.

Өрмелегіш тамырлы арам шөптер.Бұл топтың арам шөптері төсемегі және тамыр өркендеріне көбейеді.Негізінен осы арам шөптер астық және техникалық дақылдардың,бір жылдық және көп жылдық мал азықтық шөптердің арасында өседі.Көп тараған түрлері өрмелегіш сарғалдақ,қазтабан,шырмауық бударасы болып табылады.

Тамырлы – сабақты арам шөптер – ең зиянды өсімдіктердің бірі.Олар вегетативтік жолмен дер асты тамыр сабағы арқылы көбейеді.Тамыр – сабақ дегеніміз – түрін өзгерткен жер астындағы сабақ,онда қыстап шығу үшін қоректенетін арам шөптер.Тамыр – сабақты арам шөптерге жатаған бидайық,жауқияқ,кәдімгі қамыс,құмай,дала қырықбуыны және т.б. жатады.

Атпа тамырлы арам шөптер.Бұл арам шөптер де вегетативтік жолмен тамыр атпалары арқылы көбейеді.Негізгі тамыры терең бойлап кетеді,одан көлденең тамырлар – атпалар пайда болады.Атпа тамырлы арам шөптерге дала қалуені,дала шырмауығы,қызғылт қаулен,қызғылт кекіре және басқалары жатады.

3.Арам шөптермен күресу шаралары.

Арам шөптермен күресу жолдары:

1.Арам шөптерге қарсы алдын ала жүргізілетін сақтандыру шаралары.

2.Арам шөптерді агротехнолгиялық және химиялық әдістер арқылы жою.

3.Арам шөптерді биологиялық әдіс арқылы жою.

4.Арам шөптерді интегриялық әдіспен жою.

Алдын ала жүргізілетін сақтандыру шараларының басты мақсаты – арам шөптердің тұқымдары мен вегетативтік көбею органдарының таралуына жол бермеу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет