Пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Негізгі алғы дақылдардың сипаттамасы



бет3/10
Дата25.08.2017
өлшемі8,68 Mb.
#26631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Негізгі алғы дақылдардың сипаттамасы.

Алғы дақыл деп өткен жылы танапта болған ауылшаруашылық дақылын немесе парды айтамыз. Себілген дақыл түріне байланысты, топырақтың құнарлылығы азды көпті өзгеріп отырады. Осы себепті дақылдардың өнімінің мөлшері мен сапасын алғы дақыл күшті әсер етеді. Сондықтан Қазақстанда жиі кездесетін алғы дақылдарға тоқталайық.




Таза пар.

Таза пар дегеніміз – арам шөптерді құрту, топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды молайту үшін қалдырылған ешқандай дақыл себілмеген, жаз бойы әр түрлі құралдармен өңделіп тұратын бос танап.Таза пар қара және ерте пар болып екі топқа бөлінеді.Парға қалдырған танапты күзден бастап жыртып, өңдей бастасақ, ондай пар қара пар деп аталады. Қара пар республикамыздың оңтүстік, оңтүстік –шығыс облыстарында қолданады.Қара парға көбіне күздік бидай егіледі. Парға қалдырылған жер көктемнен бастап өңделе бастаса, ондай парды ерте пар деп атайды. Ерте пар солтүстік облыстарда жиі қолданылады.Оған көбіне жаздық бидай егіледі. Қыста жел жиі болып тұратын далалық аймақтарда қарды көбірек тоқтату үшін парға қалдырған танаптарға кей жағдайда биік сабақты дақылдар егіледі, оны ықтырма пар деп атайды. Танапта жаз бойы ешқандай өсімдік болмағандықтан, топырақтағы ылғалдың жартысынан көбі күзге дейін сақталады. Парға егілген астықтардың өнімі 1.5-2 еседей артық болады.Пардан кейін ол танапқа 3-4 жыл астық егуге болады.



Отамалы дақылдар.

Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс,мақта және басқалар) егілген танаптарда жаз бойы арам шөптермен күрес жүргізіледі.Оларға көбіне тыңайтқыштар беріледі.Сол себепті отамалы дақылдар астық тәріздес өсімдіктер үшін жақсы алғы дақыл болып есептелінеді.

Бұршақ тұқымдас дақылдар топырақтағы азотты көбейтеді. Кейбіреулері (ас бұршақ) ерте көктемде егіліп, жылдам өседі де, арам шөптермен жақсы күресе алады.Сондықтан бұршақ тұқымдастар көптеген күздік және жаздықдақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептелінеді.

Көп жылдық шөптер.

Көп жылдық шөптер топырақтағы органикалық заттарды көбейтеді, топырақтың физикалық қасиетін жақсартады.Коп жылдық шөптер барлық дақылдарға дерлік жақсы, өте жақсы алғы дақыл болып саналады.

Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерлерге егілетін техникалық дақылдар(мақта, қант қызылшасы,темекі) үшін көп жылдық бұршақ тұқымдас шөп-жоңышқатаптырмайтын алғы дақыл. Жоңышқа топырақты органикалық заттармен, азотпен байытады, арам шөптер мен ауру тудыратын микробтардың санын азайтады.Барлық техникалық дақылдар жоңышқадан кейін мол өнім береді.

Дәнді масақты дақылдар.

Масақты дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әртүрлі бағаланады.Күздік бидай жаздық бидай мен арпа үшін, көптеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептелінеді.Себебі ол арам шөптермен жақсы күресе алады, танапты ерте босатады. Жаздық бидай мен жаздық арпа орташа алғы дақыл болып есептелінеді.Бұлардың ішіндегі нашары – тары. Тары бастапқы кезде өте жай өседі де, өсіп дамуы жағынан арам шөптерден кейін қалып қояды.Тарыдан кейін танаптарда арам шөптер көп болады.

Жаздық дақылдардың онша айтарлықтай алғы дақыл болып есептелінбейтінінің тағы бір себебі бар. Олар топырақтағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттарды едәуір мөлшерде пайдаланады. Сондықтан оларкөбіне ауыспалы егістің ең соңғы танабына егіледі де, бұл дақылдардан кейін танаптар көбіне парға қалдырылады.

Ауыспалы егістің жіктелуі.

Ауыспалы егістер онда егілетін дақылдардың түріне, алынатын өніміне және топыраққа тиетін әсеріне байланысты танаптың, мал азығындық және арнаулы болып үшке бөлінеді.Танаптың ауыспалы егістерде астық, техникалық дақылдар және картоп өндіріледі. Танаптың ауыспалы егіске орналастырылған техникалық дақылдар қант қызылшасы, күнбағыс, мақта, артықша бір жағдайды қажет етпейді, оларды масақты дақылдар себіліп жүрген танаптарға орналастыра беруге болады.Танаптық ауыспалы егістерде кейде мал азығындық дақылдар егілуіде мүмкін, бірақ малды жеммен қамтамасыз ету бұл ауыспалы егістің міндетіне жатпайды.

Мал азығындық ауыспалы егістер егілген дақылдардың түріне байланысты фермалық және пішендік , жайылымдық болып екіге бөлінеді.Егер ауыспалы егіс мал фермасының жанына орналасып, оған сүрлемге, көк балаусаға арналған дақылдар егілсе, бұл фермалық ауыспалы егіс болып табылады.

Ал пішендік, жайылымдық ауыспалы егіс ферманың жанына орналаспауы мүмкін,бұл ауыспалы егістерге көбіне бір жылдық не көп жылдық шөптер, арпа, сұлы сияқты күтімді онша қажет етпейтін мал азықтық дақылдар себіледі.Кей жағдайларда бұл ауыспалы егістердің кейбір танаптарға мал жаюға да пайдаланылады.

Мал азықтық егістерде шаруашылықтың ауа райы мен топырағына, өсірілген малдың түріне, жасына байланысты әр түрлі дақылдар егіледі. Егер шаруашылық мал бордақылауға мамандандырылған болса, онда ауыспалы егісте арпа, жүгері сияқты малды тез семіртетін дәнді дақылдар егіледі.Төл алып, өсіретін шаруашылықтарда бұршақ тұқымдас, құрамында белогы мол дақылдар егіледі.Егер шаруашылық сүт өндіруге мамандандырылған болса, онда сүрлем беретін дақылдар, құрамында суы, қанты мол болатын қызылша секілді тамыр жемісті дақылдар егіледі. Шаруашылық қой, етке арналған ірі қара мал, жылқы өсірумен айналысатын болса, бұл ретте олардың пішендікке жарайтын, мәдени жайылымғақолдануға болатын дақылдар өсіргені жөн.

Мал азықтық ауыспалы егістің ең басты көрсеткіші бір гектардан алынатын жемдік өлшем мен қорытылатын протеин,витаминдер көлемі болып табылады.Бұл жерде әрбір жемдік өлшемге кететін еңбек мөлшері мен өндірілген жемнің өзіндік құнын да есептеу керек.

Арнаулы ауыспалы егістерде топырақты әдейілеп,ерекше дайындауды қажет ететін дақылдар егіледі.Бұған күріш,көкеніс,темекі өндіретін ауыспалы егістер жатады.Мысалы,күріш егу үшін танаптар ерекше дайындалады,күріш егетін атыздар тақтайдай тегісболуы керек,әйтпесе атызды сумен толтырғанда,судың қалыңдығы оның әр тұсында әртүрлі болып қалуы мүмкін,ондай жағдайда дақылдың өнімі күрт төмендейді.

Көкөніс,темекі егу үшін де топырақты өте жақсылап баптау керек,бұл егістерден алынатын өнімдерді адам тікелей пайдаланатын болғандықтан мұндай дақылдарға минералдық тыңайтқыштар белгілі мөлшерде ғана беріледі және олар көбіне органикалық тыңайтқыштар болады. Бұл ауыспалы егіске егілетін дақылдар қол күшін көп қажет етеді.Сондықтан өнімді мол алатындай етіп қажетті жағдай жасап,яғни уақтысында суарып, жөндеп күтпесе арнаулы ауыспалы егіске себілген дақылдар өзін өзі ақтай алмай,шаруашылыққа зиян әкелуі мүмкін.

Топырақты бүлдіретін эрозияға қарсы қолданылатын,танаптағы дақылдары 50-100 метрлік жолақтарға орналасатын ауыспалы егістер де осы арнаулы ауыспалы егістердің қатарына кіреді.Мұндай ауыспалы егістер Қазақстанның тәлімі жерлерінде орналасқан топырағы құмдауыт болып келетін аудандарда қолданылады.Бұл ауыспалы егістерге көпжылдық шөптер,масақты дақылдар мен пар үшеуі 50 не 100 м жолақтарға,желдің үдере соғатын бағытына кесе көлденең орналастырылады.Топырақты қорғайтын ауыспалы егістер солтүстікке Павлодар, Ақмола, Торғай,батысында Ақтөбе облыстарында,оңтүстігінде Алматы,Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі.



Аралық дақылдар .

Аралық дақыл дегеніміз негізгі дақылдардан бос уақытта танапқа себілетін дақылдар Аралық дақылдарды себу арқылы бір жерден жылына екі рет өнім алуға мүмкіндік болады.Бұлар үстемелік ,шабындық, аңыздық және күздік болып бөлінеді.

Бір дақыл себілген кезде онымен бірге тағы бір дақыл егілсе,оны үстемелік дақыл дейді.Мысалы республикамыздың суармалы жерлерінде арпамен бірге жоңышқа егіледі.Жаз ортасында арпаны орып алғаннан кейін жерді суарып жіберіп күзге қарай жоңышқаны шөпке шауып алуға болады.

Сүрлемге арналған жүгерімен бірге қант қызылшасын егуге болады.Шілде айында жүгеріні сүрлемге шауып алады,қазан айында қант қызылшасын жинауға болады.

Шөпке,көк балаусаға арнап себілген дақылдар орылып алғаннан кейін егілген дақылдарды шабындық аралық дақылдар дейді.Қазақстанның оңтүстік облыстарында шөпке арналып себілген қара бидайды,сұлыны гүлдеу кезінде шауып алады да, оның орнына жүгері,арпа,тары егіп, тағы бір өнім алуға болады.

Масақты дақылдар пісіп,оны орып алғаннан кейін егілген дақылдар дейді.Мысалы,Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарында күздік бидай маусым айының аяғында шілде айының басында пісіп ораққа ілігеді.Босаған жерді суарып жіберіп,орнына жүгнрі сеуіп сүрлем алуға болады.Тары мен қарақұмықтың ерте пісетін сорттарын егіп, тағы бір дән алуға болады.Сөйтіп республикамыздың суармалы жерлерінен бір жылда екі рет астық алуға болатынын тәжірибе көрсетіп отыр.Күзде себіліп көктемде негізгі дақылдар себілгенше шөпке, пішіндемеге шабылып алынатын дақылдарды күздік аралық дақылдар дейді.Мысалы,күзде шөпке арнап қара бидайды, күздік бидайды егуге болады.Мамар айының аяқ кезінде бұл дақылдарды шөпке шауып алып, жерді суара салып, ол жерге жүгері сияқты кеш себілетін дақылдарды аксе,одан тағы бір өнім алынады.Бұл жағдайда жүгерінің өнімі,әдетте оны ерте көктемде сепкеннен кем болмайды.

Аралық дақылдар тек қана суармалы жерден алынатын өнім мөлшерін көбейтіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың үлкен агротехникалық маңызы да бар.Аралық дақылдар танаптағы арам шөптердің санының азаюына септігі тиеді.Олар топырақта көптеп органикалық заттар қалдырып ,жердің физикалық қасиетін жақсартады.Қажетті тыңайтқыштарды уақытылы бергенде аралық дақылдар егілген жердің құнанлылығы кемімейді,керісінше қайта оның құнарлылығының арта түсетінін ғылыми деректер көрсетіп отыр.

Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қолданылатын ауыспалы егістердің схемалары.

Ауа райына,әсіресе жауын шашын мөлшеріне ,топырақтың түріне,құнарлылығына,жылудың мөлшеріне, үсік болмайтын күндер санына,шаруашылықтың мамандандырылуына байланысты калхоздар мен совхоздарда ауыспалы егістің әртүрлі схемасы қолданылуы мүмкін.

Қазақстанның солтүстүгінде орналасқан шаруашылықтардың қолдануына болатын ауыспалы егістердің схемасы.

Дала аймағы үшін

Егістік, дәнді – парды 6 танапты Егістік дәнді - парлы - отамалы 6 танапты ауыспалы егіс. ауыспалы егіс

1) Таза пар 1) Таза бидай

2) Жаздық бидай 2) Бидай

3)Жаздық бидай 3) Бидай

4)Сұлы 4) Сүрлемдік жүгері

5)Жаздық бидай 5) Бидай

6) Арпа 6) Арпа

Егістік дәнді - парлы 5 танапты Егістік, дәнді - парлы 4 танапты ауыспалы егістік ауыспалы егістік

1) Таза пар 1) Таза пар

2) Бидай 2) Бидай

3) Бидай 3) Бидай

4) Бидай 4) Арпа

5) Арпа


Мал азығындық дәнді - отамалы 2 танапты ауыспалы егіс

1) Жүгері

2) Арпа ( сұлы)

Құрғақтау дала аймағы үшін

Егістік дәнді− парлы 4 танапты Егістік дәнді− парлы 4 танапты

ауыспалы егіс. ауыспалы егіс.

1. Таза пар 1. Таза пар

2. Бидай 2. Бидай

3. Бидай 3. Бидай

4. Арпа 4. Сұлы



ДӘРІС 5

Топырақты өңдеу тәсілдерімен әдістері.

Жоспары:


1.Топырақты өңдеу тәсілі

2.Жер жырту

3.Топырақты сыдыра жырту. Топырақты культиватциялау. Топырақты тырмалау,катодтау, арнайы өңдеу тәсілдері.

Жер жырту-топырақты өңдеу негізгі өңдеудің басты тәсілі. Ол топырақ өңдеудің ең ертеден келе жатқан тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Жерді жыртқанда беткі қыртысы аударылып астына түседі. Егер қыртыс 180 градус аударылса, оның кадаты аудару деп атайды, ал қыртыстар біріне-бірі 45 градус сүйеніп, аударылуы 135 градус болса онда қыртысты айыру дейд. Жерді плугпен жыртады. Олар қайырмаларының түрлеріне қарай витті цилиндірлі, жартылай витті және мәдени болып төртке бөлінеді. Топырақтың қыртысының жақсы аударылуы, қопсуы, плугтың қайырмасының түрі цилиндір тәрізді болса, қайырмаларының түрлеріне байланысты. Мысалы плугтің қайырмасының түрі цилиндір тәрізді болса топырақ жақсы үгіліп арласқанмен нашар аударылады. Жартылай витті плугпен жерді жыртқанда топырақ жақсы үгітіледі, бірақ нашар аударылады, ал витті қайырмалы пулгпен жер жыртқанда керісінше топырақ жақсы аударылып нашар үгітіледі. Жерді жырту үшін көп корпуты әр түрлі маркалы пулгтар аспалы ПЛН-3-35, ПЛН-5-35, жартыоас аспалы ПЛН-6-35, ПТК-7-35, ПТК-9-35, топырақ тереңдеткіші, аспалы ПН-4-35А, жартылай аспалы ПЛП-6-35-7, тілкемелі П-3-300, П-5-35-П, ойық корпута, аспалы ПВН-4-35, ПВН-4-35 жартылас аспалы ПЛП-6-35-6 тіркемелі П-3-30К, ПВ-5-35 қолданылады. Ауыл шаруашылығында жер жыртудің үш тәсілі қолданылады: загонды фигуралап және тегістеп жырту осылардың ішінде ең көп тараған загонды тәсіл.

Өсімдіктің тамырлар жүйесі осы топырақ ұлтанына дейін барып, бүгіліп қайырылып қалады, ал тамыр жүйелері әлсіз болып, мол өнім алуды тежейді. Жыртылған танапта топырақ ұлтаны пайда болмас үшін жылма-жыл әр түрлі тереңдікте жыртып, немесе топырақ тереңдеткішті пайдаланған дұрыс.

Тамыр жүйелері 35-40см тереңдікке жететін мысалы қант қызылшасын, мақтаны, жүгеріні т.б техникалық тақылдарды егетін топырақты өңдегенде кең алымды корпусы бар плугтар қолданылады.

Топырақты сыдыра жырту. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты республиканың далалық солтістік, батыс, орталық және оңтүстік облыстарының аудандарында жер эрозиясы кең етек алды.Міне сондықтан осы кеселді тоқтатуға бағытталған жараларды қолдану керек болды.

Осыған орай Бүкілодақтық астық ғылыми зертеу институты жер өңдеудің топырақ технологиясын ойлап таптты.Оның негізгі топырақтың бетінде аңызды сақтау. Сақталған аңыз ылғал жинаумен қатар желдің күшін азайтын топырақ ұнтағының ұшып кетуіне кедергі жасайды. Топырақ бетінде аңыз сақтау үшін өндіріске жазық табанды культиватор-сыдыра жыртқыштары өнгізілді. Ол үшін жерді негізгі өңдегенде топырақты 30-35см тереңдікте дейін қопсытады.Қазіргі кезде КПГ-250, КПГ-2-150, КПШ-9, КПШ-5 жазық табанды культиватор сыдыра жыртқыштары кеңінен қолданылады.

Топырақтың беткі тәсілберін өңдеу тәсілдері. Топырақтың беткі қыртысын өңдеу тәсілдеріне сыдыра жырту, культивациялау, тырталау, катоктау, малалау және басқалар жатады.

Сыдыра жырту. Сыдыра жыртуды сыдыра жыртқыштарды арқылы жүзеге асырылады.Сыдыра жыртқыш топырақты босатып, топырақ қабатын болмашы ғана аудара жыртады. Бұл құрал арамшөпті отайды, жыртылған топырақтың қабатында ылғалды сақтайды. Сыдыра жыртқыш дискілі және түренді болады. Дискілі сыдыра жыртқыштардың жартылай аспалы және тіркемелі түрі бар. Дискілі сыдыра жыртқыштардың алым кеңдігі 5-20, өңдеу дереңдігі 10см қимыл бұрышы 15-35 градус.
Культивациялау. Жер өңдеудегі жыртудан кейінгі көп қолданылатын тәсілі. Культивациялау кезінде топырақ қопсытылады, араластырылады және арамшөптер қырқылады. Сонымен қатар өсімдіктерді түптеуге болады. Культивацтиялаудың екі түрі болады: тегіс және қатар аралықты культивациялау. Тегіс культивациялау өсімдіктер жоқ жерлерде, яғни егін себер алдында, таза парларда жүзгізіледі. Ал қатар аралық культивациялау отамалы дақылдарды күтіп баптағанда жүзеге асырылады. Қатар аралықты өңдегенде өсімдік қатарлары қасында өңделмейтін алаңшалар-өсімдік тамырларын қырқылудан сақтайтын аймағын қалып отырады. Осы өсімдік тамырларын сақтау аймағындағы арамшөптерді отау үшін жеңіл түптеу жүргізіледі.

Топырақты культивациялау үшін әр түрлі культиваторлар қолданылады. Олар КПС-4, КРН-4.2, КРН-5.6, КОН-4.2, КПП-2,2, КШН-3.6 және басқа культиватор жатады. Культивациялау тереңдігі 5-6см-ден 10-12см-ге, ал кейде 20см-ге дейін.

Тырмалау. Тырмалау тәсілі жұмыс органдары әр түрлі формада болатын шанышпалы, ойық қуысты дискі құралдарымен атқырылады. Тісті және шанышпалы тырмалар топырақты қопсытып және тегістейді. Өңдеу тереңдігі 3-4-тең 5-6см-ге дейін болады. Тісті тырмалармен тек жыртылған аңыз сабақтары мен өсімдік қалдықтарынан тазартылған топырақ өңделеді және бұл түренді құралдар комплексіне енеді. Салмағына қарай ауыр, орташа және жеңіл тырмалар болып бөлінеді. Егер біс тіске түсетін салмақ 2-3кг болса, бұл ауыр, ал салмағы 1-2кг болса, онда орташа, массасы 0.5-1.5кг шамасында болса – жеңіл тырмаға жатады.

Өсімдік көгі өніп шыққан топырақты қопсытуға батарея бұрышын 0 градус етіп қояды. Топырақ қабатын жазық тілгішпен өңдеу жүйесінде шанышпалы тырма таптырмайтын құрал болып есептеледі.

Бау-бақшаны және батпақты жерлерді өңдейдін арнаулы тамырлар бар. Сүдүгер жыртылған жердегі ірі кесектерді ұсатып өңдеуге, көп жылдық шөп егілген алқаптың айдалған қыртысын реттеуге, аңызды сыдыра жыртуға жеңіл тырмалар твң және тыңайған жердің топырағын жыртқанға дейін және одан кейін, шымды танаптарды шабындық пен жайылым алқаптарының бетін өңдеуге пайдаланылады. Өңдеу тереңдігі 20см-ге дейін болады.

Тырмадағы дискілі батареяның сыдыра жыртқыштан айырмашылығы қозғалу бағытына қарай 0-21 градус бұрышпен екі қатардан орнатылады.

Катоктау. Бұл топырақтың жоғарғы қабатының нығыздалуын, тегістелуін қамтамассыз етеді. Сонымен қатар, бір мезгілде тоң кесектерді ұсақтау, топырақтың зиянды қабыршағын бұзуды жарым-жартылай қопсыту жұмысы да жүзеге асырылады. Бұл жұмысты атқаруда бұдырлы сақиналы ЗККШ-6 катогымен ЗКВГ-1.4 және СКГ-2 су құйылатын катоктар қолданылады.

Бұдырлы сақиналы катоктар топырақты аз шаңдатады, құрылыс ерекшелігінің арқасында, олар таптап өткен жерде, топырақтың үстінгі қабаты түйіршікті болады. Катоктау ерте көктемде арамшөптердің, әсіресе қара сұлының тез көтерілуі үшін қажет.

Егін себілгеннен кейін катоктау сіңірілген тұқымның топырақпен жанасуын жақсартады, дәнді дақылдардың егістік өнгіштігінің 10-15 процент арттырылады. Егін себілгеннен кейінгі катоктаудың су режіміне ықпалы шамалы.

Сор және сортаңдау топырақты ылғалданған күйінде катоктау тіпті зиянды, өйткені, бұл топырақ бетінде қатты қабршақ пайда болуына мүмкіндік жасайды.Мұндай топырақта егін себілгеннен кейін катоктауда тиімсіз, дәнді дақылдардың өнімін төмендетеді. Сол себептен мұндай топырақтарды катоктауды тұқым себер алдында жүргізген жөн. Тұқым себілген жерді катоктаған соң, онда арамшөптер қауырт қаулай жығады.



ДӘРІС 9

Егіншілік жүйелері және ғылыми негіздері.

Жоспар:

1. Егіншілік жүйесі

2. Егіншілік жүйесінің пайда болуы және дамуы

3. Егіншілік жүйесінің ауыл шаруашылығының өркендеуіндегі маңызы

4. Егіншілік жүйесінің негізгі құрамдары

Егіншілік жүйесі дегеніміз ауылшаруашылығынын ғылыми тұрғыдан жүргізу деген сөз. Егіншілік жүйесі жайында түсінік агрономия ғылымы мен бірге пайда болды. Егіншілік жүйесінің маңызы жөнінде Ресейдің тұңғыш оқымысты-агрономы болып есептелетін А. Т. Болотов(1738-1833) өзінің « Танаптарды бөлу жөнінде» деген еңбегінде жазды. А. Т. Болотов бұл еңбегінде шаруашылық территориясын дұрыс ұйымдастыру, барлық дақылдарды ауыспалы егістерге себу керек екенін дәлелдеуге тырысты.

Егіншілік жүйесіне ғылыми тұрғыдан түсінік берген профессор А. В. Советов (1826-1901) болды. Біздің елімізде минералды тыңайтқыштардың аз өндірілетін еске ала отырып XX ғасырдың басқы кезінде. В. Р. Вильямс бұл егіншілік жүйесі азды-көпті өзгерілген түрде әлі күнге дейін көптеген аймақтарда қолданылып келеді.

Қазіргі кезде егіншілік жүйесі деп жерді тиімді пайдалануға, топырақ құнарлғын көтеріп, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, иелиоративтіак, ұымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді шараларын айтамыз.

Ғылым мен техника дамуына байланысты егін жүйесінің міндеттері күрделілене түседі. Қоғам дамыған сайын өндірістік қатынастар өзгереді, ғылым дамыған сайын топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру әдістері өзгереді, егіс мөлшері, танап көлемі, себілетін дақылдар түрлері өзгереді, сонымен қатар жалпы егіншілік жұйесі де өзгереді.

Жалпы адамзат бұрынғы заманда қолданған және қазіргі заманда қолданып жүрген егіншілік жүйелері интенсивтілік дәрежесіне байланысты қарапайым, экстенсивті және интенсивті болып негізінен үш топқа бөлінеді. Егіншіліктің қарапайым жүйесі топырақтың тек табиғи құнарлығын

пайдалануға негізделеген. Бұл егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән ерекшелік.

Бұл ерте заманда жерге жеке меншіктік бола қоймаған кезде қолданылған егіншіліктің карапайм жүйесі болып табылады. Ерте кезде адамдар орманды алқаптарды егін салу үшін ағаштарды кесіп, не өртеп егістік алаң дайындаған. Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жыл дәңді дақыл егілген. Танаптардан арам шөптер көбеіп, топырақтың құнарлығы азайып, өнім төмендей бастағанда, бұл жерді тастап, егіс үшін орманнан жаңа жер дайыңдаған.

Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып құрылған егіншілік жүйесі барлық қажетті өнімді жеткілікті мөлшерде өсірумен қатар жыл сайын топырақ құнарлығының арта түсуін, алынатын өнімнің арзан болуын қамтамасыз етуі тиіс. Егіншіліктің ұсынылған жүесі оның эканомикалық тиімділігі дәлелденгенде ғана шаруашылыққа енгізілді. Әр аймақтың табиғи-эканомикалық жағдайына қарап оған тиімді егіншілік жүйесі қолданылады. Жыртылатын жердің жартысынан астамы астық дақылдарды алып жатады. Топырақ құнарлығы тыңайтқыштар қолдану, көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер себу арқылы көтерілді Далалық аймақтарда жауын-шашын аз болғандықтан дәнді-парлы егіншілік жүйесі жиі кездеседі. Кей жағдайда далалық аймақта отамалы дақылдар да егіледі, бұл жағдайда егіншілік жүйесі дәнді-парлы-отамалы деп алып жатады. Далалық аймақта жердің көбісін дәнді-мақсаты дақылдар алып жатады. Топырақтың құнарлығы тыңайтқыштар қолдану, жерді дұрыстап өңдеу арқылы, пардың көмегімен көтеріледі Суармалы жерлерде дәнді және отамалы дақылдар енгізілгді. Аңыздық, аралық дақылдар егілгендіктен көп жағдайда дақылдар орналастырылған жер көлемі жыртылатын жер көлемінен асып кетеді. Суармалы жерде таза пар болмайды. Жердің құнарлығы оны өңдеу,тыңайтқыштарды қолдану, дақылдардың орнын ғылыми жүйемен аустыру арқылы жақсартылып отырады.

Батыс Сібірде, Қазақстанның солтүстігінде орналасқан құрғақ далалардағы милиондаған гектар тың жерлерді игергеннен кеін, 4-5 жыл өткен соң бұл байтақ аймақтарда жел эрозиясы басталады. Осы эрозияның кесірінен топырақ құнарлығы күрт төмндеп кететіні белгілі. Топырақты бұл аппатан сақтап қалу үшін егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі қолданылады. Егіншіліктің бұл жүйесі жайында кейінгі тарауда толығырақ айтылады. Егіншілік жүйесін ғылыми негізде құру үшін төмендегідей бөлімдерден тұратын шаралар қолдану керек: шаруашылқ терреториясын дұрыс ұйымдастыру (қай жерге егін себу керек, қай жерде шабындық болады, танапты қорғайтын орман алқаптары қайда орналастырылады т.б.), егілетін дақылдардың көлемін дұрыс анықтау, шаруашылықтың мамандарландыруын ескере отырып ауыспалы егіс құру, жер өндеу жұмысые сәтті жоспарлау, ауспалы егістер бойынша тыңайтқыштарды қолдану жүйесін жасау, арам шөптермен, дақылдардын ауруларымен, зиянкестермен күресу жүйесін құру, тұқым ауыстыру жүйесін белгілеу, бұл жұмыстардың бәрін орындауға керекті машиналармен, құралдармен шаруашылықты толық қамтымасыз ету. Айтылған шаралар жүйесінің әрқайсысының маңызы аймақтың ауа-райына, топырағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Топырағының құнарлығы төмен аймақтарда тыңайтқышты дүрыс беру жүйесінің маңызы басқа шаралардан жоғары болуы мүмкін. Сол сияқты әртүрлі эрозия күшті болатын жерлерде топырақты бұл аппаттан қорағау жүйесі, жауын-шашын аз болатын аймақтарда жерді суару, ылғалды жинау, сақтау шараларының маңызы басқа шаралардан басымдау болады.

ДӘРІС 10

Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қолданылатын егіншілікт жүйелерінің ерекшеліктері.

Қазақстан жері көлемі жағынан ТМД бойынша екінші орын алады.Республиканың жері батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтай тауына дейін 2000 км-ге,солтүстігінде орманды далалы Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Орта Азия шөліне дейін 1600 км-ге созылып жатыр.Үлкен материктің ортасында мұхиттардан өте қашықта орналасқандықтан климаты құрғақ және қатаң континентік болып келеді.Жерінің үлкендігіне байланысты терреториясында биік таулар болғандықтан климаты,топырағы,жер бедері аулан түрлі болады.Кең далалары бар,майда төмпешіктері,жалпақ жоталары,биік қарлы таулары да бар.Осыған байланысты республика территориясы әртүрлі аймақтарға бөлінген.Әр аймақтың топырағына,климатына байланысты өзіне лайықты,тиімді егіншілік жүйелері бар.

Республикамыздың ғылыми мекемелерінің ұйғарымымен Қазақстан территориясы төрт егіншілік жүйесі анықтаған,қазір бұлар шаруашылықтарға енгізілуде.

Көбінесе жаздық бидай өсірілетін Солтүстік,Батыс,Орталық және Шығыс Қазақстанда қолданылатын егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі.

Бұл аймақта жауын – шашын онша көп жаумайды,күшті жел жиі болып тұрады,соның әсерінен топырақ эрозияға ұшырайды.Сондықтан егіншілік жүйесі топырақты эрозиядан қорғауға,мүмкіндігінше көбірек ылғал жинауға бейімделген.Сонымен қатар тұзы мол сортаң топырақтардың құнарлығын көтеруге,арам шөптерді жоюға арналған шараларда жүргізіледі.Бұлаймақта көбіне дәнді – парлы ауыспалы егістер және жетілдірілген дәнді – парлы отамалы ауыспалы егістер енгізеді.

Республикамыздың солтүстігінде орналасқан жауын – шашын молырақ далалық,орманды – далалық аймақтарда төрт – бес танапты дәнді – парлы ауыспалы егіс қолданылады,бұл ауыспалы егістерде пардан кейін дәнді масақты дақылдар үш – бес рет егіледі.Кейде алты – жеті танапты дәнді – парлы – отамалы ауыспалы егістер қолданылады.Бұл ауыспалы егістерде көбінесе пар бір танапты,дәнді масақты дақылдар бес – алты танапты,сүрлемге арналған жүгері бір танапты алып жатады.

Топырақтағы жеңіл,құмдауыт болып келетін алқаптарға топырақтыэрозиядан қорғау үшін арнаулы ауыспалы егістер қолданылады.Бұл ауыспалы егістердің ерекшелігі тнаптардың бәрі көлденңі 50 – 100 метр болып келетін жолақтарға бөлінеді.Сол жолақтарға көп жылдық шөптер мен дәнді дақылдар кезектесіп отырғызылады.Бұл жағдайда егістік жердің 50% көп жылдық шөптердің,40% масақты дақылдардың,10%пардың еншісіне тиеді.

Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан облыстарының тәлімі жерлерінде күздік бидай,көп жылдық шөп егілетін топырақ қорғайтын егіншілік жүйесі қолданылады.Егіншіліктің бұл жүйесі Тянь – Шань тауының етегінде шөл аймақпен шекарасында орналасқан алқаптарда енгізілген.Бұл жерлерде жауын – шашын өте тапшы болып келеді( жылына 200-220мм) дәнді – парлы үш – төрт танапты ауыспалы егістер қолданылады.Пардан кейін күздік бидай себіледі,сосын бір – екі жыл арпа егіледі.Топырақтағы құмдауыт болып келетін алқаптарында арнайы бес танапты топырақ қорғайтын ауыспалы егістер қолданылады.Көптеген шаруашылықтың тәжірибесі егіншіліктің бұл жүйесі өте тиімді екенін көрсетіп отыр.Мысалы,Қаскелең астық совхозы егіншіліктің топырақ қорғайтын жүйесін,осындай арнаулы ауыспалы егістер қолданғаннан бері мемлекеттегі үздік совхоздар қатарына енген болатын.



Техникалық,көкөністік,жемдік дақылдар егетін Қазақстанның оңтүстігінде,оңтүстік – шығысында жатқан суармалы егін жүйісі.Бұл аймақта мақта,қант қызылшасы,темекі сияқты құнды техникалық дақылдар өсіріледі.Мақта Оңтүстік Қазақстанның облысының оңтүстігінде орналасқан бірнеше аудандар да,қант қызылшасы Жамбыл,Алматы,Талдықорған облыстарында,темекі Алматы облысының екі облысында өсіріледі.Бұл құнды техникалық дақылдардың ең құнарлы жерге бөлінеді.Бөлінген жерлердің құнарлығын қалпына келтіріп тұру үшін бұл дақылдар бар ауыспалы егістердің құрамын міндетті түрде көп жылдық шөп – жоңышқа өсіріледі.Жоңышқа жердің құнарлылығын қалпына келтіріп қана қоймайды,сонымен қатар жаз бойы бірнеше рет орылып,мал сүйсініп жейтін құнарлы,белокқа бай шөп береді. Көкөніс үлкен қалаларға жақын орналасқан әдейілеп мамандандырылған шаруашылықтарда өсіріледі.Талдықорған,Алматы,Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында суармалы жерде жоғары өнім беретін дақылдар жүгері өсіріледі.Бұл суармалы жерде өсірілетін дақылдардың бәріне сумен қатар жоғары өнім алу мақсатымен көптеген тыңайтқыштар беріледі,зиянкестерді құртатын әртүрлі химиялық заттар қолданылады.Яғни бұл аймақта егіншіліктің интенсивті жүйесі орын тепкен.Қазақстанның оңтүстік – шығысындағы таулы ауданының дәндік,жемдік дақылдар егілетін топырақты су эрозиясынан қорғауға арналған егіншілік жүйесі.Бұл аймақтың егіншілік жерлері көбіне жауын – шашын бұл аймақта көп жауады.Осы себептен су эрозиясы жиі болып тұрады,Су эрозиясына қарсы қолданылатын жер өңдейтін шаралар мен қатар бұл аймақта дақылдарды қияға көлдженең орналасқан жолақтарға егудің маңызы зор.Дәнді – парлы және дәнді – парлы – отамалы ауыспалы егістер мұнда кең тараған.Дәнді – шөпті ауыспалы егістер де кездесіп тұрады.Ең басты дақыл – күздік бидай болып есептелед.Тауда қыс жұмсақ болғандықтан күздік бидай жақсы қыстап шығады,мол өнім береді.Жауын – шашын мол болғандықтан бұл аймақта таза пардың орнына көбіне екпелі пар қолданылады.Парға арналған танаптарға әдетте күзде қара бидай егіледі.Қара бидай жаздың басында шөпке шауып алынады.Отамалы дақылдардан сүрлем үшін жүгері өсіріледі.






Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет