Сабақ №: 1 Мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Логика әлеміне саяхат Сабақтың мақсаты



Дата09.10.2019
өлшемі19,24 Kb.
#49550
түріСабақ
Байланысты:
fakultativ-saba-zhospary-logika-lemne-sayahat

Факультатив сабақ жоспары:

Пән: Логика Сынып: 2 «В» Сабақ №: 1 Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Логика әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты:

-Тапқырлықпен тез есептеп, тез жауап берудегі ептілігі мен біліктілігін байқау.

-Ой ұшқырлығы мен логикалық ойлауын дамыту.

-Оқушыларды ізгілікке, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайд, ребустар, жұмбақтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

«Шаттық шеңберін» құруға шақырамын.                                                   –

-Көңіл-күйлеріңіз қалай? – Керемет!

– Сабаққа дайындықтарыңыз қалай? – Тамаша!

– Ынталарыңыз қалай? – Ғажап!

– Ендеше сабағымызды бастайық! – О, о, о

Топқа бөлу:

«Тіктөртбұрыш», «Үшбұрыш», «Шаршы»

Топ ережелеріне тоқталу:

-Шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш дегеніміз не? Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонаққа «жұмбақ кейіпкер» келіпті. Кейіпкердің кім екендігін білу үшін әр топқа тапсырмалар берілген. Сол тапсырманы орындау арқылы кейіпкеріміздің бейнесін көреміз.

II. «Зымыран сұрақтар»

1-топ – «Үшбұрыш»


  1. Үстел үстіндегі балықтардың үйі – аквариум.

  2. Онсыз тамақтың дәмі жоқ – тұз.

  3. Қыс мезгілінің үшінші айы – Ақпан.

  4. 4 тышқанның құлағы нешеу? – 8.

  5. Ұшатын көлік қалай аталады? – ұшақ, тікұшақ.

  6. 1 жылда неше ай бар? – 12 ай

  7. 9 ондықтан, 8 бірліктен тұратын санды ата – 98

2- топ «Тіктөртбұрыш»

  1. Ас атасы – нан

  2. Аулада жүрген қаздардың аяқтарының саны – 8. Аулада неше қаз жүр? – 4 қаз

  3. Аяқ киімнен жолда қалған таңба – із.

  4. Пияз аршысаң көзіңнен не ағады? – жас

  5. Сенбіден кейін үш күн өтті? Ол қай күн? – Сәрсенбі

  6. Екі пілдің құлағы нешеу – 4

  7. 10 дм неше см бар? – 100 см

3- топ – «Шаршы»

  1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? Айырма

  2. Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосынды

  3.  Оқу жылының алғашқы айы қандай? Қыркүйек

  4. Аптаның соңғы күні қалай аталады? Жексенбі

  5. Қосуға кері амалды ата. Азайту

  6. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? Шаршы

  7. 1 сағатта неше минут бар? 60 минут

– Балалар, сендер көптеген мультфильм көресіңдер. Қанеки, бұл қандай ертегі кейіпкері? (Дымбілмес).

– Олай болса балалар, бүгін бізге Дымбілмес қонаққа келіпті. Дымбілместің сендерден есеп шығаруды, тапсырмалар орындауды үйренгісі келеді екен. Дымбілмеске көмектесеміз бе?

– Иә!

– Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол – саяхат сабағы. Дымбілмеспен бірге логика әлеміне саяхатқа шығамыз.



– Дайынсыңдар ма, балалар? Олай болса бізге пойызға мінуіміз үшін не керек?

– Билет керек.

(оқушыларға билет таратылады).

Біздің бүгінгі саяхатымызда көптеген бекеттерге тоқтаймыз, әр бекетте тапсырмалар берілген. Соны орындау арқылы келесі бекетке жүреміз.



III. Жаңа сабақ. Мақсатын хабарлау

«Ойланып көр» бекеті .

Топпен жұмыс.

Берілген есептерді есептеп, сөз құрастыру

25+15 (А)             2*4     (Н)           54+37(Ш)            5*3(Д)

70-16 (Ы)             80-41(Қ)            15:3   (Р)             24+28 (А)

Жауабы: қарындаш



«Кім алғыр ойыны» 

26+34=60:10=6

19+30=49-10=39

70-30=40+15=55

2*2=4+20=24

Дымбілмес: Достарым сендердің арқаларыңда мен аздап есеп шығаруды үйрендім.

IV. «Көршіңмен ақылдас» бекеті.

Кітап беттерінде сандар мен әріптер берілген. Сандардың орнына әріптерін қойып, білім туралы нақыл сөзді табу.

Жауабы: Ұстаздан шәкірт озар.

Дымбілмес: Сендер өте ақылды, әрі шапшаң екенсіңдер. Сендерден әлі үйренетінім өте көп екен.

«Жаттығу бекеті».

Балалар, шаршағанымызды басып, миға, көзге арналған жаттығулар орындаймыз (басты айналдыру арқылы жаттығулар жасату).



 V. «Дос болайық кітаппен» бекеті.

Оқулықтағы 46-беттегі 3-тапсырманы орындату;



Берілген сөздерден әріп құрастыру арқылы сөздер шығарып жазу: Асқабақ, Долана, Мектеп

Қорытынды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет