Сабақ -1 Пәні: Ана тілі Сыныбы: 3 «в» сынып Сабақтың тақырыбы



бет4/4
Дата05.02.2022
өлшемі147,26 Kb.
#16621
түріСабақ
1   2   3   4
Сергіту жаттығуы.

3) Қолдану

Мәтіннен Көкшені суреттейтін тұстарын тауып оқып, топта талдайды.

Автордың негізгі ойын постерге түсіріңдер.


(Кері байланыс орнату.)

Топта Көкшені басқаша қалай суреттеуге болады? деген сұраққа балалар жауап іздейді.

Постер құрастыру арқылы автордың негізгі ойын түсіреді.



Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын постерге түсіреді.
Бірінің білімін бір толықтырады.

4) Талдау.

Шығарманы талдау. Көкшенің көрінісін дәл осылай суреттеуге ақынға не түрткі болды?
(Кері байланыс орнату.)

Оқушылар өз ойларын ой талқыға салады.
Дебат әңгіме жүреді.

Көкшетау көрінісін тағы қандай ақындар тілге тиек еткенін ойларына түсіріп айтады.

5) Жинақтау.

Көкшетаудың адам өміріне пайдасы туралы әңгімелеу. Семантикалық картамен жұмыс.
(Кері байланыс орнату.)

Жазғы сауықтыру кешендері және демалыс орны туралы мәлімет жинақтайды.
Өз бетімен жұмысты орындайды.

Алған білімдерін толықтырып отырады.
Өзара талдайды.

6) Бағалау.

Сонымен Көкшенің табиғатын бізге жеткізген автордың еңбегіне көзқарастарың қандай?
Сендерге мәтін ұнады ма?
Осы алған білімдеріңді достарына, ата аналарыңа айтып бере аласыңдар ма?
(Кері байланыс орнату.)

Балалар жауаптарын айтады.

Өзара пікір туады.


Иә немесе жоқ жауаптары айтылады.



ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағаланады.

Аты
жөні













Балл

Баға



































































Үй тапсырмасы:

Мәтінді бөліктерге бөліп, талдау.

Табиғат




Рефлексиялық кезең.

Сабақтан алған әсерлерін тақтаға қоңырау кезінде жазып кетеді.

Сабақ -2

Пәні:

Ана тілі

Сыныбы: 3 «в» сынып

Сабақтың тақырыбы:

С. Сейфуллин. Ақсақ киiк.

Жалпы мақсат:

Өлеңдегі ойды меңгерте отырып, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Сілтеме:

Ана тілі оқулығы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41, 78, 104 беттер.
Электронды оқулық, muzik.com

Оқу нәтижелері:

Өлеңдегі негізгі ойды меңгеріп, мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады.

Қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Табиғаттың сұлу мүсіні -жануарлар.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс, кері байланыс. Сыни тұрғыдан ойлау: Блум таксономиясы.
Диалогты оқыту: әңгіме дебат. Оқытуда басқару мен көшбасшылық. АКТ ны қолдану. ОҮБ: Табыс критерийлері бойынша бағалау.Өзін- өзі бағалау.

Дереккөздері:

Ана тілі оқулығы.МАН. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Электронды оқулық. Мультфильм. Әндер топтамасы.

Тапсырмалар

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сыныпты әртүрлі геометриялық пішіндер арқылы топтарға бөлу.
Шаттық шеңберін құру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.




Қызығушылықты ояту.

Үй тапсырмасын талдау. Диалог. Оқушы мен мұғалім арасындағы әңгіме.
Мұқанов шығармасындағы негізгі ой не?
Көкшетаудың сұлулығын сипаттап бер.
Оқжетпес, жұмбақтас деп атаулардың пайда болу себептері қандай?
Жаңа сабаққа кіріспе. Бүгін біздер киік туралы мәлімет алып, өлеңмен танысамыз.

Сұрақтарға жауап береді.
Мұғаліммен әрекетке түседі.

Қойылған сұраққа жауап береді.




Тапсырма: Жұптарыңмен отырып киік туралы білетіндеріңді жинақтаңдар. Қағазға жазып алған тізімді топта талқылаңдар.
Бірге талқылап жаңа сабақты бастау.

Оқушылар өзара алған білімдерін топта толықтырады, талдайды, қорытындылайды.

Жұппен жұмыс кезінде өздерінің білімдерін сынайды. Бір біріне сыни көзқараспен қарайды.



Мағынаны тану.

INSERT әдісімен

Киік туралы не біледі, не білгісі келетінін кесеге толтыру.







Автор туралы мәлімет. Электронды оқулықтан алынған С.Сейфуллин туралы мәліметті оқыту. Сәкен кім? Еңбектерін ата.

Оқушылар интертақтадан көрген мәліметті жүйелейді.
Топпен тұжырымдайды.

Класстер құру.

С.Сейфуллин






Интертақтадан ақсақ киік туралы мультфильмді көрсетем.
Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқу.
Талдау.
Дәптермен жұмыс.

Топпен өлеңнің шумағын оқып талдау.
Әр оқушы өзінің ойын айтады.
Аңшының әрекетіне оқушылардың ойын ұсынуы.
Қызыл түспен боялған сөздерді жазып алады.

Мультфильмде көрсетілген мазмұнын айтып береді.




Суретпен жұмыс. Бір параққа киіктің суретін салу.
(Кері байланыс орнату.)

Суретті салады.

Өздері салған суретке сипаттама беріп, бағалайды.
Жұппен өзара бағалау жасайды.

Ой толғаныс.

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңдар.

Өлеңге топпен сатылай кешенді талдау жасайды. Әр топтың талдауы салыстырылып, өзара бағаланады.

Табыс критерийлері бойынша талдау бағаланады.

Үй тапсырмасын беру.

Өлеңнен ұнаған шумағын жаттап алу. (Кері байланыс орнату.)

«Киік киелі жануар» немесе «Киікті қорғауға аламын» тақырыбында эссе жазу.

Эссе жазу үшін ақпарат көздерінен мәліметтер жинайды.

Бағалау.

Мұғалімнің бағасы мен оқушылардың оқыту үшін қойылған бағаларын қосып бағалау парағы толтырылады.

Рефлексиялық кезең.

Екі жұлдыз, бір тілек.



Сабақ -3

Пәні:

Ана тілі

Сыныбы: 3 «в» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Б. Емельянов. Бүркiт

Жалпы мақсат:

Оқушылар Б. Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесін оқыта отырып,түсініп оқып, өз пікірін тиянақты жеткізе білуге үйренеді.

Сілтеме:

Ана тілі оқулығы, Интербелсенді әдістеме 18 -19 беттер,

Оқу нәтижелері:

Түсініп оқып, өз пікірін тиянақты жеткізе білуге үйренді.

Қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Қатыгездік – адам мінез-құлқындағы жағымсыз іс-әрекет.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс, жұптық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, интерактивті оқыту, «Алдын ала болжау»,
зерттеушілік әңгіме. Жұппен жұмыс. Табыс критерийлері бойынша бағалау.
Өзін- өзі бағалау. ОҮБ

Дереккөздері:

Ана тілі оқулығы. МАН. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Электронды оқулық. Анимациялар.

Тапсырмалар

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Оқушыларды түрлі түсті стаканмен үш топқа бөлу.
Жылулық шеңбері арқылы балалар бір біріне сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту.

Үй тапсырмасын бекіту. Кері байланыс жасау.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Өлеңді жатқа айтады. Түсінгендерін айтады.

«Проблемаларды айқындау» кезеңі.

Миға шабуыл. Магнитофоннан құстардың дауысын тыңдату. Бұл ненің даусы?
Құстардың қандай түрлерін білесіңдер? Топтарға бөліп класстер құрастырыңдар.

Сонымен бүгінгі біздің мәтіннің тақырыбы «Бүркіт». Сабақтың мақсатымен таныстыру.


«Алдын ала болжау» зерттеушілік әңгіме. Бүркіт қандай құс? Жұптарыңмен бірге бүркіт туралы білетіндеріңді айтып, жинақтаңдар. Адам өміріне пайдасы бар ма?

Оқушылар жауап береді.
Үй құстары Орман құстары
Дала құстары топтарына класстер құрастырады.

Оқушылар өздерінің алдына мақсат қояды.


Жұптық зерттеу, топтық талқылау.
INSERT әдісімен кестені толықтырады.



«Проблеманы шешу» кезеңі



Мәтін мазмұнымен танысу. Б. Емельянов. Бүркiт. Топпен мәтін мазмұнын оқиды. Жауыз адамдар мен бүркіттің әрекетінен не тұжырымдадыңдар?
Ортада талдайды. Нені білгің келеді? Сені тағы не қызықтырады? Басқаша болса қалай болады? Сұрақтарына жауап іздеу.

Мәліметтер бойына пікір алмасады, ой жарыстырады, талқыға салады.
Оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырады.

«Проблеманы шешімін қолдану» кезеңі



Кері байланыс. Топпен жұмыс. 1-топ
1.Жолаушылар қайда келді, олар кімдер еді?
2. Гайдар нені көрді, неге таңырқады?
3. Жолаушылар бүркіттің соқыр екенін қалай білді?
2-топ
1. Жолаушыларды қарт қайда шақырды, қалай күтті?
2.Қарт жолаушыларға өзін қалай таныстырды, қандай әңгіме айтты?
3. Әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған деп ойлайсың?
3-топ
1.Ол кезде қандай қиыншылықтар кездескен еді?
2. Қиын кезде қыран бүркіттің қандай көмегі тиген екен?
3.Жауыз адамдар бүркітке не істеді?


1.Халық бүркіттің жақсылығын қалай қайтарды?
2.Гайдардың «жақсылықты ұмытпауды үйрен»дегенін қалай түсінесің?
3.Өздерің жан-жануарларға қандай көмек жасайсыңдар?

Топпен сұрақтарға жауап береді.

Ортада талқылайды. Неге? Не себепті? Не үшін? Сұрақтары арқылы өздерінің жауаптарын толықтырып отырады.





Үйге тапсырма:

Мәтінді түсініп оқу.

Бүркіттің пайдасы туралы әңгіме жазып келу.

Қорытынды.

Рефлексия. Кері байланыс «Қосу, алу,»




Бағалау.

Кестедегі бағалау критерийлері арқылы балалар бағаланады.

Топ басшысы топ мүшелерінің бағаларын жариялайды.

Сабақ -4

Пәні:

Ана тілі

Сыныбы: 3 «в» сынып

Сабақтың тақырыбы:

И. Байзақов. Алтай аясында

Жалпы мақсат:

И.Байзақовтың Алтай аясында шығармасының мазмұнын түсінеді, автордың идеясын айтуға дағдыланады. Алтай жерінің сұлу табиғатын, кен байлықтарын және ақын өлеңіндегі бейнелеуіш сөздермен түсінеді.

Сілтеме:

Ана тілі оқулығы, Интербелсенді әдістеме 18 -19 беттер,МАН, isa-baizakov.psu.kz

Оқу нәтижелері:

Шығарманың мазмұнын түсінді, автордың идеясын айтуға дағдыланды. Өзін жан жақты көрсете алуына мүмкіндік алды.

Негізгі идеясы:

Таулы жердің қыраны көп деседі, сол қыраны осы болашақ ұрпақ.

Қолданатын материалдар:

Интертақта, электронды оқулық, автор портреті мен «Алтай» суреті. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Әдіс тәсілдер:

1)Білім берумен білім алудағы жаңа тәсілдер: диалогті оқыту әдістері
2)Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Блум таксономиясы
3) Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
4)Ынталандыру әдістері.

Дереккөздері:

Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Қосымша интернеттен алынған ақпараттар. Ана тілі оқулығы.

Тапсырмалар

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сыныпты үш топқа бөлу. Сюжетті суреттер арқылы топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау.






Білу

Үйге қандай тапсырма берілді? Бүркіт пен жауыз адамдардың іс әрекетіне қандай тұжырым жасадыңдар? Зерттеушілік әңгімеге тарту.

Өткен сабақта не меңгергендерін ортаға салады. Үйден жазып келген әңгімелерін талдау.

И. Байзақов. Алтай аясында.
 «Ассоциациялық аймақ құру»
- Тау деген сөзді естігенде алдымен ойларыңа не келеді?
- Тау суретін көрсету
- Алтай тауы туралы қысқаша мәлімет беру: Алтай тау жүйесі - Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км - ге созылып жатыр. Алтай солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан - жаққа таралған. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан обылысы), Монғолия (Моңғол Алтайы — Баян - Өлгей аймағы, Ховд аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң - Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай аймағы).
Оқушылардың іздену жұмыстары тыңдалады. «Қазақстан таулары»

Оқушылар тау туралы білетіндерін ортаға салады.

Картадан тауларды көрсетеді.


Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан обылысы), Монғолия (Моңғол Алтайы — Баян - Өлгей аймағы, Ховд аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң - Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай аймағы).



Түсіну

Өлеңді мәнерлеп оқып, таныстыру.
Өлеңді талдау.

Тапсырмаларды орындайды. Топпен кезектесіп бөліп талдайды.

Қолдану

Өлеңді шумағымен әр топ талдайды. Алтай туралы өлеңді қара сөзбен талдау.

Өзара бағалайды.

Сергіту жаттығуы.

Оқушыларды сергіту.

Оқушылар билеп, сергиді.

Талдау

Сұрақ арқылы оқушылардың түсінігін анықтау мақсатында тақырып соңындағы тапсырмаларды талдайды.

Автордың негізгі идеясын тауып айту керек.

Жинақтау

Постермен жұмыс. 1-топ. Алтай тауын сипатта.
2-топ. Алатауды сипатта.
3- топ. Алтай тауының ерекшелігін айтыңдар.

Топтар өзара талқылап, берілген тапсырманы постерге түсіреді. Ортада қорғайды.

Бағалау

Шығармаға деген көзқарастарын білдіреді. Ақын идеясын тауып, оған баға береді.Табыс критерийлері бойынша оқушылар бағаланады.

Оқыту үшін бағалау.

Келесі оқылым.

Өлеңді мәнерлеп оқу. Қалаған шумағын жаттап алу.




Рефлексиялық кезең

Оқушылар сабақта алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет