Сабақ -2 1-Тапсырма: Табиғи компоненттің түсінігі


)ХХғ. 20-30 жылдары ландшафттанудың қайта құрылудың маңыздылығы неде?



бет11/13
Дата31.12.2021
өлшемі82,5 Kb.
#107173
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1-апта
Дәріс-1, Дәріс-1, 1-апта, 1-апта, K.Ybyraeva-E.Salimov-Sekrety-IELTS-na-7.0, K.Ybyraeva-E.Salimov-Sekrety-IELTS-na-7.0
4)ХХғ. 20-30 жылдары ландшафттанудың қайта құрылудың маңыздылығы неде?

Жауап: 1989-1900 жылдары В.В.Докучаев табиғи зоналар туралы ілімнің негізін қалады, зоналық ілім дүние жүзілік заң ретінде, оның ықпалы тек қана тек қана табиғи процестер ғана емес бүкіл жер бетіндегі процестерге, тіпті минералдық заттардың орналасуына да әсерін тигізеді деп қарады. Оның түсінігі бойынша зона – табиғи комплекстердің ең жоғары сатысы.

1905 жылы Г.Н.Высоцкий зоналарды бір-бірінен бөлуге сандық критерий-ауы ылғалдылығы көрсеткішін енгізіп, толықтарды (жауын-шашынның булануға қатынасы). Докучаевтың ілімін жалғастырушы ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде табиғи зоналардың шекаралары, картада орналасуы толық анықталып, соның нәтижесінде табиғи аудандастырудың синтезі жасалды. Осы уақыттан бастап ғылымғы физгеографиялық аудандастыру термині енді.

1913 жылы Ресей бойынша алғашқы толық зоналық аудандастыру схемасын Л.С.Берг жасады, зоналар бірінші рет ландшафтық деп аталды. Осы уақытта еліміздің бірқатар территорияларында физзгеографиялық аудандастыру жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай түбегейлі аудандастыру географиялық ізщденістер физгеографиялық дифференция заңдылықтарының себебін шешуге бағытталды. Бірқатар ғалымдар физгеографиялық дифференциацияның факторы ретінде геологиялық негізге, рельефке, тіпті микрорельефке байланысты локалдық топырақ пен өсімдік жамылғысының ерекшеліктеріне көңіл бөлді, ал таулы аймақтарда биіктік белдеу өзгеруіне. Осындай Әр жерде Әр түрлі мақсатта жүргізілген жұмыстар отанымыздың ғалымдарын объектівті түрде жекелеген территорияларда табиғи компоненттредің аралығында заңдылықты байланыстың бар екені туралы тұжырымға Әкелді. Ертеде 1895 жылы А.Н.Краснов мұндай байланысты бірлестікті комплекстер деп атаған еді, ал ғасырымыздың басқы кезінде бұл идея ландшафт деген тұжырыммен аяқталды. 1904-1914 жылдар аралығындағы ландшафтқа генетикалық тұрғыдан қараған көзқарастарды біз Г.Ф.Морозовтың, Л.А.Борзовтың И.М.Крашенинниковтың, Л.Н.Бергтің еңбектерінен табамыз. Дегенмен ғылыми оқулықтарға «ландшафтң терминін енгізген Л.С.Берг деп білеміз, өйткені ол 1913 жылы географияның зерттейтін саласы «ландшафтң деген еді. Ол ландшафтқа рельефі, климаты, өсімдіктер мен топырақ жамылғысы бір-біріне сӘйкес біртұтас территория деп анықтама берді.

1914 жылы Р.И.Аболин шарының комплекстік ландшафтық қабықшасы деген ұғым енгізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет