Жауап:Газ, сұйық және қатты заттардан тұратын территориялық табиғат кешендерінін, жеке бөліктерін құрамдасбөлік(компонент) деп атайды. Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер геогендік және биогендік құрамдас бөліктермен бірге энергетикалық қүрамдас бөліктердің болатынын да дәлелдеп берді.
2)Табиғи компоненттердің жіктелуі: геогенді, энергетикалық, биогендік.
Жауап:Ғалымдардың тұжырымдамасына жүгінсек, территориялық табиғаткешендерін құрайтын құрамдас бөліктерді төмендегіше жіктеуге болады:
геогендік құрамдас бөліктер – жер қыртысы, ауа, су;
энергетикалық құрамдас бөліктер – күн энергиясы, жердің ішкіэнергиясы;
биогендік құрамдас бөліктер – өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер.
Ауа – аумақтық табиғат кешендерінің газ қабатын түзетін құрамдас бөлік. Ол, əсіресе, тірі организмдердегі газ алмасу үрдісі үшін қажет.
Су – аумақтық табиғат кешенінде минералдық құрамдас бөліктерді ерітуші рөлін атқарады. Судың еріген, шайылған заттарды тасымалдауда, өсімдіктер мен жануарлардың температуралық режимдерін реттеп отыруда маңызы зор. Пайда болуына қарай құрлықтағы су жерасты жəне жербеті суы деген топтарға жіктеледі.
Күн энергиясы– тіршілік көзі. Ол жер бетіне сəуле ретінде түседі де, жылу энергиясына айналады. Күн энергиясы аумақтық табиғат кешендерінің басқа құрамдас бөліктерін өзгертіп, дамытып отыратын құрамдас бөлік.