Сабақ -2 1-Тапсырма: Табиғи компоненттің түсінігі


)ТТК-ның элементарлы-құрылымдық бөліктері немесе геомасса дегеніміз не?



бет4/13
Дата31.12.2021
өлшемі82,5 Kb.
#107173
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1-апта
Дәріс-1, Дәріс-1, 1-апта, 1-апта, K.Ybyraeva-E.Salimov-Sekrety-IELTS-na-7.0, K.Ybyraeva-E.Salimov-Sekrety-IELTS-na-7.0
4)ТТК-ның элементарлы-құрылымдық бөліктері немесе геомасса дегеніміз не?

Жауап:Әртүрлі аумақтық өлшемде заңды түрде үйлесімін тауып, бір-бірімен күрделі əрекеттесу нəтижесінде тұтасып, рангілері (географиялық қабықтан фацияға дейін) түрліше болатын табиғи құрамдас бөліктердің бірлігін территориялық табиғат кешені деп атайды. Ол – құрамдас жəне құрылымдық бөліктерінің ұзақ жылдардағы эволюциясы нəтижесінде салыстырмалы орнықтылыққа ие болған жағдайда қалыптасады.

Территориялық табиғат кешендерінің табиғат кешендерінен айырмашылығы сол, онда барлық құрамдас бөліктердің бітім жаратылысы бір-бірімен үйлесім табады, біртұтас аумақ құрайды. Көпшілік жағдайда оның шекарасы табиғат кешендерімен дəл келе бермейді. Мысалы, орманды дала ландшафттық аумақтық табиғат кешенінде өзіне тəн жануарлар тобы бар шөптесінді, бұталы жəне орман шоқтарынан тұратын биоценоздық табиғат кешендері тараған.



Территориялық табиғат кешендері құрлықтық жəне мұхиттық ортада бірдей болмайды. Құрлықта тарағандары көбінесе толық құрамдас бөлікті болып келеді. Тек табиғат жағдайлары қолайсыз болып келетін полярлық белдеуде, аса биік тау басында, климаты өте құрғақ шөлде топырақ, өсімдік жəне жануарлар дүниелері нашар дамиды, кейде дамымайды, яғни құрамдас бөлігі толық емес аумақтық табиғат кешендерін түзеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет