Оқушыларды дөңгелекшелер арқылы топқа бөлемін. Әр топқа тапсырма беремін.
1-топ: Әдептілік туралы мақал-мәтелдер айту
2-топ: Сұрақтарға жауап беру.
1. Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты, сен не істер едің?
- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?
- Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.
3.Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?
- Асықпай түсіндіріп беру.
4. Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?
- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
5.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Үлкен кісімен «сіз» деп сөйлесу керек.
6. Күнде таңертең мектепке келгенде не істейсің?
- Мұғалімдермен, достарыңмен амандасамын.
7. Әдептілік қайдан басталады?
- От басынан, кішкентай кезден басталады?
8. Әдепсіз адам бола ма? Болса дұрыстауға бола ма?
Болады. Бірақ көп уақыт кетеді. Өзін - өзі жеңе білу қажет.
9. Көркіне, киіміне, ақшасына қарап әдепті деп айтуға бола ма? Не ақшаға сатып алуға бола ма?
- Жоқ.