Сабақ : 23 Тақырып: Әдептілік адамгершілік бастауы Құндылық: «Дұрыс әрекет»



бет3/6
Дата09.06.2020
өлшемі24,22 Kb.
#63294
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Сабақ барысын талдау:

2. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы 125-беттегі Ж.Бейсенбаевтың «Студент қыздың

әңгімесі» атты әңгіме


  1. Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырды?

  2. Қоғамдық орындарда, көшеде әдеп сақтау туралы не білесіз?

  3. Әдептілік адамның іс-әрекетінде қалай көрініс табады?

  4. «Дұрыс жүру, тұру, әдепті бола білу – ұсақ-түйек емес» дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Өзіңіз өмірде қандай әдеп қағидаларын ұстанасыз?




  1. Дәйексөз

Әдептілік – ар-ұят
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат
Надандықтың белгісі.

А.Құнанбаев

Барлығы бірігіп, дауыстап оқу.

Ұлдарға және қыздарға оқыту.



  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптарын тыңдаған соң қорытындылаймын.




4. Әңгімелеу:

«Үш ұл» (Түркімен ертегісі)

  Екі ана құдықтан су тартып тұр екен. Бұлардың қасына тағы бір ана келіпті. Құдықтың тұсынан өтіп бара жатқан бір қария кісі де дем алу үшін, таяп кеп отырыпты.

Аналардың біреуі:

-  Менің ұлым батыр да, күшті. Күресе қалса, ешбір бала оған шақ келмейді,-депті.

Екінші ана:

- Менің ұлым ән салғанда бұлбұлдай сайрайды. Ешбір баланың даусы оған жетпейді,-депті.

Ал үшінші ана үндемей тұра беріпті.

- Сен өз ұлың туралы неге бірдеңе айтпайсың? – деп сұрапты екі ана.

- Не айтайын, баламның ешқандай ерекшелігі жоқ,- деп жауап беріпті үшінші ана.

Аналар шелектерін толтырып, үйлеріне қарай беттепті. Әлгі қарт та бұлардың соңынан жүріп отырыпты.

  Жолда аналар шаршаған соң, шелектерін жерге қойып, біраз әңгіме айтыпты. Осы кезде бұлардың алдынан жарыса жүгірген үш бала шыға келіпті.

  Балалардың біреуі жолдағы тастарды аяғымен зулата ұшырып келе жатады.Мұны көрген анасы қатты қуанып, көңілі көтеріліпті.

  Екіншісі өлең айтып, ысқырып келе жатады. Оның анасы да баласының мұнысына шаттанып, көңілі өсіпті.

 Үшінші бала болса, жүгіріп анасының қасына барыпты да:

- Апа, әкел мен көмектесейін, - деп шешесінің қолындағы су толы шелекті алып, жүре беріпті.

 Аналар қартқа бұрылып:

- Қала, біздің балаларымыз сізге ұнады ма, қария?- деп сұрапты.

-  Қайдағы балалар? Мен тек бір-ақ баланы көріп тұрмын,- деп қария шешесінің қолынан шелекті алып, өзі көтеріп бара жатқан баланы нұсқапты.

  Әңгіме бойынша сұрақтар:

1. Екі баланың анасы өз ұлын мақтады, үшінші баланың анасы мақтаған жоқ, неліктен?

2. Екі баланың іс-әрекеті әдептілікке жата ма?

3. Үшінші баланың іс-әрекеті ше?

4. Қартқа үшінші баланың іс-әрекеті неліктен ұнады?

5. Әдепті бала бойында қандай қасиеттер болуы қажет?

6. Сендер балалардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?






Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет