4. Әңгімелеу:
«Үш ұл» (Түркімен ертегісі)
Екі ана құдықтан су тартып тұр екен. Бұлардың қасына тағы бір ана келіпті. Құдықтың тұсынан өтіп бара жатқан бір қария кісі де дем алу үшін, таяп кеп отырыпты.
Аналардың біреуі:
- Менің ұлым батыр да, күшті. Күресе қалса, ешбір бала оған шақ келмейді,-депті.
Екінші ана:
- Менің ұлым ән салғанда бұлбұлдай сайрайды. Ешбір баланың даусы оған жетпейді,-депті.
Ал үшінші ана үндемей тұра беріпті.
- Сен өз ұлың туралы неге бірдеңе айтпайсың? – деп сұрапты екі ана.
- Не айтайын, баламның ешқандай ерекшелігі жоқ,- деп жауап беріпті үшінші ана.
Аналар шелектерін толтырып, үйлеріне қарай беттепті. Әлгі қарт та бұлардың соңынан жүріп отырыпты.
Жолда аналар шаршаған соң, шелектерін жерге қойып, біраз әңгіме айтыпты. Осы кезде бұлардың алдынан жарыса жүгірген үш бала шыға келіпті.
Балалардың біреуі жолдағы тастарды аяғымен зулата ұшырып келе жатады.Мұны көрген анасы қатты қуанып, көңілі көтеріліпті.
Екіншісі өлең айтып, ысқырып келе жатады. Оның анасы да баласының мұнысына шаттанып, көңілі өсіпті.
Үшінші бала болса, жүгіріп анасының қасына барыпты да:
- Апа, әкел мен көмектесейін, - деп шешесінің қолындағы су толы шелекті алып, жүре беріпті.
Аналар қартқа бұрылып:
- Қала, біздің балаларымыз сізге ұнады ма, қария?- деп сұрапты.
- Қайдағы балалар? Мен тек бір-ақ баланы көріп тұрмын,- деп қария шешесінің қолынан шелекті алып, өзі көтеріп бара жатқан баланы нұсқапты.
Әңгіме бойынша сұрақтар:
1. Екі баланың анасы өз ұлын мақтады, үшінші баланың анасы мақтаған жоқ, неліктен?
2. Екі баланың іс-әрекеті әдептілікке жата ма?
3. Үшінші баланың іс-әрекеті ше?
4. Қартқа үшінші баланың іс-әрекеті неліктен ұнады?
5. Әдепті бала бойында қандай қасиеттер болуы қажет?
6. Сендер балалардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
|