Сабақ : Қазақ тілі Бөлім: Қиял әлемі Тақырыбы : Байқоңыр. Күрделі сөздер. Біріккен сөздер



бет1/2
Дата06.07.2018
өлшемі1,27 Mb.
#47306
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі

Бөлім: 6. Қиял әлемі

Тақырыбы: Байқоңыр. Күрделі сөздер. Біріккен сөздер

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны: 25


Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаты

5.О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.

5.ӘТН 4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Мәтін мазмұнымен таныса отырып, негізгі идеясын түсінеді.

Мәтіннің стильдік ерекшеліктерін анықтайды.

Туынды. Күрделі және біріккен сөздердің жасалу жолын меңгереді және орынды қолдана алады.



Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Түрлі ақпарат көздерін пайдаланып, біріккен сөзден тұратын атауларды ажыратып отырып жазады.



Кейбір оқушылар істей алады:

Біріккен және күрделі сөздерді қатыстыра отырып сөзжұмбақ құрастырады.




Тілдік мақсат

Оқушылар: Байқоңыр қаласы туралы әңгімедегі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын ажыратады;

Күрделі сөз бен біріккен сөздің жасалу жолы мен дұрыс қолдану нормасын меңгереді.



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Айлақ, Байқоңыр, экипаж, құбыжық, күрделі сөз, туынды сөз, біріккен сөз, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер.



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Ғарыш айлағы, ғаламшар, туған жер, қиял әлемі, күрделі сөздер, біріккен сөздер.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Ғарыш айлағының қажеттілігі неде?

  2. Ғарыш айлағы неліктен Байқоңыр қаласында орналасқан?

  3. Күрделі сөз жасалу үшін......

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Сіз неліктен біріккен сөздер жаңа сөз жасаудың бір жолы деп ойлайсыз?

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:




Бағалау критерийлері:

  1. Мәтін мазмұнымен таныса отырып, стильдік айырмашылықтарын ажыратады.

  2. Жұрнақ арқылы жасалған күрделі және біріккен сөздердің жасалу жолын біледі және дұрыс қолданады.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, Тарих, География

Құндылықтар:

Жеке және топта жұмыс істей алу қабілеті, қарым-қатынас жасау қабілеті, Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу, Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығын сақтау.

Алдыңғы оқу

Түбір сөз, Туынды сөздерді біледі.Қазақ тілі, 4-сынып.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы


2 минут


3минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесемін.

2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын.

3.Оқушылардың бүгінгі көңіл-күйін білу және топта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Жаныңа жақын сурет» әдісі арқылы 3 топқа біріктіремін /Байқоңыр, Қызылорда, Ғарыш айлағы суреттері/.



ІІ. "Ыстық орындық" әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын

1. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу?
2. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер?
3. Айтылуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөздер?
4. Дөрекі, әдепсіз сөздер?
5.Жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөздердің ерекшілігі неде деп ойлайсыңдар?

6.Сөзжасам нені зерттейтін сала?

7.Сөзжасамның жасалуының қандай тәсілдерін білесіңдер?

Жұлдызша арқылы бағалаймын.











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет