Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жұптаса, топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.
Дифференциация
Барлық оқушылар: тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжай отыра, тақырыпқа қатысты айтқан ғалымдардың пікірін білдіреді.
Кейбір оқушылар: тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжай отыра, тақырыпқа қатысты айтқан ғалымдардың пікірін негізге ала отырып, өз пікірін дәлелдейді.
Сергіту сәті.Оқушылар музыка ырғағымен молекулалар секілді араласып жүреді. Мұғалім әр түрлі дене мүшелерін айту арқылы топтастырып тұрады. Мыс: Үш оң аяқ (3 оқушы оң аяқтарын біріктіріп тұра қалуы керек ), бес құлақ немесе төрт бас бармақ, алты бас, екі сол қол, т.б.
Топқа бөлу де осы сергіту сәті бойынша өтеді, яғни 3-топқа бөлу керек болса, мұғалім 4 оқушы біріккен кезде солай қалдыруға болады.
Ой шақыру. «Қабырға стратегиясы» бойынша өтеді.
Қабырғаларға суреттер ілінеді. (Көне жазба ескерткіштер түрлері бейнеленген) Оқушылар топпен жүріп суреттерден көргендері туралы әңгімелесе жүріп сол суреттің мағынасын ашатындай бір сөйлем жазады.(Сөйлемдер қайталанбау керек) Сөйлемдерді оқи отырып және суреттер арқылы сабақ тақырыбын ашады.
Үй жұмысын сұрау.
Сабақтың ортасы
5 мин
20 мин
5 мин
2 мин
ТЖ. Тыңдалымалды тапсырма: «Көне түркі жазба ескерткіштері туралы не білеміз?»
Оқушылар топ ішінде ақылдасып, берілген сұрақ төңірегінде ой бөліседі.
Тыңдалым тапсырмасы: «Күлтегін жыры» 1. Бағдарламадағы мәліметтерді мұқият тыңдаңыз;
2. Берілген мәліметтерден детальді ақпараттарды, фразалар мен дәйексөздерді анықтап, дәптерге жазыңыз.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Күлтегін жазуын алғаш ашқан кім?
Күлтегін жырының авторы кім?
Күлтегін жыры қанша топтамадан тұрады және қандай?
Күлтегін жырының мазмұнында не жайында баяндалады?
Күлтегін батырдың ерлігі жырда қалай суреттеледі?
Жырдағы Тоныкөк кім болып табылады?
Жыр жайында белгілі ғалым М.Жолдасбеков қандай пікір білдірді?