Сабақ : Жасуша тіршіліктің құрылымдық функционалдық бірлігі



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата10.06.2023
өлшемі2,37 Mb.
#178567
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—30 в 19.42.03

Плазмалық мембрана (ПМ) 
жасушаның шекарасын анықтайтын цитоплазманы 
қоршаған тосқауылды айтады. ПМ
-
да өте күрделі қосылысты құрайтын липидтің 
бимолекулярлық қабаты орналасқан. Жасушалық мембрана липидтерінің құрамына 
фосфолипидтер, сфинголипидтер және холестерин кіреді. Липидтер мембрананың 
ағымдылығына әсер етеді және дабылдардың берілуіне қатысады. Ақуыздар плазмалық 
мембрананың
50% 
құрайды.
Мембраналық
ақуыздар:
шеткері
(перифериялық),
интегралды 
және жартылай интегралды болып ажыратылады. Фосфолипид молекулалары екі қатарға 
орналасқан гидрофобты бастарымен ішке қарай, гидрофильді бастарымен ішкі және сыртқы 
сулы ортаға бағытталған. Жекелеген орындарда фосфолипидтердің биқабаттары ақуыз 
молекулаларымен (интегралды ақуыздар) тесілген. Бұндай ақуыз молекулалары ішінде 
каналдары мен тесіктері болады, ол арқылы суда еритін заттар өтеді. Басқа жартылай 
интегралды ақуыз молекулалары липидтердің биқабаттарын жартысынан бір жағынан 
немесе басқа жағынан батып тұрады. Мембрана бетінде перифериялық (шеткі) ақуыздар 
бар. Липидтер молекуласы және ақуыздар молекулалары гидрофильді және гидрофобты 
өзара қарым қатынастарға байланысты ұсталынып тұрады. Сонымен бірге
мембрана 
құрамына полисахаридтер кіреді. Олардың қысқа қатты тармақталған молекулалары 
ақуыздармен байланысқан. Жасуша плазмолеммасын сыртқы бетін жапқан қабатын 
полисахаридтік қабат гликокаликс деп
аталады.



Плазмолемма келесі қасиеттерге ие:
*
пассивті және белсенді транспорт және диффузия арқылы таңдамалы
өткізгіштікке;
*
ағымдыққа немесе қозғалғыштыққа, көптеген ақуыздар мембрананың бір бөлігінде 
жиналып, агрегаттар түзеді, осылайша тиімді рецепция жүзеге
асырылады.
Плазмолемма функциялары:
1.
тосқауыл,
қорғаныс
2.
заттарды сырттан ішке және іштен сыртқа
тасымалдау.
3.
рецепция.
4.
жасушааралық байланыстарды
қалыптастыру.
5.
сигналдарды жасушаның бетінен жасуша ішіне беру (сигналдық молекулалардың 
көмегімен 

гормондар, медиаторлар,
цитокиндер).
6.
жасушаның
қозғалысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет