Сабақ : Жасуша тіршіліктің құрылымдық функционалдық бірлігі


Жасушалық құрылымы жоқ ағзалар



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата10.06.2023
өлшемі2,37 Mb.
#178567
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—30 в 19.42.03

Жасушалық құрылымы жоқ ағзалар 
өзінің тіршілігін тек өзге ағза жасушаларын 
паразиттеу
нәтижесінде
көрсетеді.
Вирустар
ДНҚ
немесе
РНҚ
және
нуклеин
қышқылының 
маңайында капсид қабықшасын түзетін ақуыздан тұрады, ол 
вирион 
деп аталатын 
нуклеопротеидтік кешенді құрайды. 
Капсид 

вирустың ақуыздық суббірліктерімен, белгілі 
бір ретпен түзілген. Ол вирустың нуклеин қышқылын әртүрлі әсерлерден қорғайды және 


иесінің жасуша бетіне вирустың отыруын қамтамасыз етеді. Вирус формасы әртүрлі болады 
(шар, жіпше, цилиндр түрінде болады). Вирустар тірі ағзалар жасушаларында паразиттеуге 
қабілетті болып, тұмау, қызылша, сал, СПИД, сүзек, құтыру ауруларын шақырады.
Жасушалық құрылымы бар ағзалар 
екі түрге бөлінеді: 
прокариоттық 
және 
эукариоттық
. Прокариоттарға бактериялар мен цианобактериялар жатады (көк жасыл 
балдырлар), ал эукариоттарға өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануар және адамдар жатады.
Прокариоттық жасушалар 
эукариоттарға қарағанда пішіні кіші 0,5
-
3,0мкм болады. 
Олардың ядросы жоқ, сондықтан да олар прокариоттар деп бөлінеді. (грек сөзінен алғанда 
про
-
дейін, карион
-
ядро дегенді білдіреді). Жасушаның ішкі
кеңістігі


цитоплазмамен толтырылған. Жасуша ішілік ығысулар цитоплазма үшін тән емес. 
Генетикалық материалы гистон ақуыздарынсыз, сақиналы ДНҚ молекуласымен 
көрсетілген және ол 
нуклеоид 
деп аталады. ДНҚ цитоплазмадан қабықшамен шектелмеген. 
Цитоплазмада көптеген ұсақ 70S
-
типіндегі рибосомалар мен қосындылар орналасқан. 
Риобосомдар полисомдарға жинастырылған. Жасушада жасуша орталығы жоқ. Олар 
жыныссыз бөлінеді, аналық жасуша екіге (амитоз) бөліну арқылы жүреді. Бөліну алдында 
ДНҚ репликациясы жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет