Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру
(Ұ) Ширату жаттығулары: «Шеңбер»әдісімен ұйымдастырылады.
Оқушылар шеңбер құрады және 1, 2 сандарын санайды. 2 санын айтқан оқушылар 1 санын айтқан оқушыларға қарама- қарсы тұрады. Сонда 1 санын таңдаған оқушы шеңбердің сыртында, 2 санын таңдаған оқушы шеңбердің ішінде қалады. Сұрақ қоятын оқушыларға түрлі-түсті стикерлер таратылады. Дұрыс жауап берген оқушы стикерді алады. Сұраққа жауап берген оқушы келесі сұраққа орындарын жылжыту арқылы жауап береді. Дұрыс таба алмаған жағдайда стикер ала алмайды.
1. Санды өрнек дегеніміз не?
2. Әріпті өрнек дегеніміз не?
3. Санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылығы неде?
4. Өрнектің ықшамдалған түрінің оның алғашқы түрінен айырмашылығы неде?
5. Қосудың қасиеттерін пайдаланып, өрнекті қалай ықшамдауға болады?
6. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, 20х+9х өрнектерін қалай ықшамдауға болады?
Ішкі және сыртқы шеңбердегі оқушылардың берілген сұрақтарға жауабын саралау. Сыртқы шеңбердегі оқушыларды 1- топқа, ішкі шеңбердегі оқушыларды 2-топқа отырғызамын.
Мұғалім ОМ анықтайды.