ҚБ «Бағдаршам» тәсілі арқылы оқушылар бірін – бірі бағалайды.
(Т) Тапсырма 3 «Балық қаңқасы» тәсілі арқылы тапсырманы шешу жолында оқушылардың ойлау мен шығармашылығын ынталандыру.
Пойыз Астана және Жезқазған қалаларының арасын 10 сағатта жүріп өтеді. Егер пойыздың жылдамдығын 10 км/сағ арттырса, онда бұл аралықты 8 сағатта жүріп өтеді. Пойыздың жылдамдығы мен Астана және Жезқазған қалаларының ара қашықтығын табыңдар.
Дескрипторлар:
есептің шартының дұрыс құрылуы;
есеп шартына сәйкес теңдеу құру;
теңдеудің шешімін анықтау.
ҚБ «Пікір алмасу» (Showdown) тәсілі арқылы әр топ балық қаңқаларының бір жағына тапсырмаға байланысты сұрақтар, екінші жағына жауаптарын жазып, топтармен алмасады.
Әр топ басшысы сұрақтарды оқиды, топ мүшелері дұрыс жауаппен салыстырады, өзін-өзі бағалайды.